» » ТӨРЕТАМ КЕНТІ ЖӘНЕ АҚАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ СПОРТ КЕШЕНДЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ТӨРЕТАМ КЕНТІ ЖӘНЕ АҚАЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ СПОРТ КЕШЕНДЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қармақшы аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Ғалым Серікұлы Ержанов Ақай ауылдық балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі даярлығы клубының қызметкерлерімен кездесіп, мекеменің жұмысымен танысты.

Кездесу барысында ұжымға 2026 жылға сәттілік, табыс тілей отырып, жаңа жылда алға қойған мақсаттар мен жоспарлар толық жүзеге асып, нәтижелі жұмыстар атқару қажет екендігін жеткізді

Сондай-ақ, клубқа қарасты кешеннің жылу жүйесі қаралды және сыртқы, ішкі тазалық жұмыстарын күнделікті жүргізіп отыру тапсырылды, одан кейін Төретам кентіндегі денешынықтыру-сауықтыру кешенінің жұмыс барысы және жылу беру жүйесімен танысты.

Мұндай кездесулер саладағы өзекті мәселелерді анықтап, алдағы жұмыстарды жүйелеуге мүмкіндік береді.

09 қаңтар 2026 ж. 340 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930