» » ОБЛЫСТА ЭПИЗООТИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

ОБЛЫСТА ЭПИЗООТИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ

Кейінгі уақытта әлеуметтік желіде мал ауруына қатысты бейнежазба тарады. Осыған орай облыстық ветеринария басқармасының басшысы Шахмардан Қойшыбаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында БАҚ өкілдеріне брифинг беріп, аталған жағдайға қатысты түсіндірме берді.

- Қызылорда облысы, Жалағаш ауданында мал ауруына қатысиы тараған ақпарат бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізілді. АШДБ дерекқор базасында Жалағаш кентінің тұрғындары Ф.Бисенованың 8 бас мүйізді ірі қара, Қ. Жолдыбаевтың 7 бас мүйізді ірі қара малдары тіркелген. Барлық мал басы аса қауіпті ауруларға қарсы алдын ала егілген. Бұл ретте айта кету керек, бейнекөрсетілімде айтылғандай, малдардың жаппай қырылуы болмаған, мал шығыны орын алмаған.Қазіргі күні ауруға күдікті малдан алынған биосынамалар мен қан сарысуы ветеринариялық зертханаға күлдірік стоматит, вирустық диарея, инфекциялық ринотрахеит, аусылдың құрылымсыз ақуызына ауруларына зерттеуге өткізілді. Аталған аурулардың клиникалық белігілері бір-біріне ұқсас. Ветеринар мамандар шұғыл әрекеттер жасап, мал иелерінің қора-жайларына залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда эпизоотиялық ахуал тұрақты екендігін хабарлаймыз, - деді Шахмаран Қойшыбаев.

Өңірде аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу және эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы республикалық бюджет есебінен аса қауіпті 13 түрлі жұқпалы ауруға қарсы 5 979,7 мың доза ветеринариялық препарат облысқа уақытылы жеткізіліп, алдын ала егу жұмыстары толық атқарылды. Ал, биылғы жылы осы бағытта 6 244,7 доза ветеринариялық препарат қарастырылған.

- Энзоотиялық, яғни жұқпалы емес аурулардың алдын алу мақсатында өткен жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға 6 түрлі энзоотиялық ауруларға 799,4 мың доза препарат алынып, алдын ала егу жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, бруцеллез ауруына қарсы ауыл шаруашылығы жануарларынан алынған 1 654,2 мың қан үлгісі диагностикалық зерттелді. Нәтижесінде, 42 бас мүйізді ірі қара, 32 бас уақ мал ауру болып анықталып, талапқа сәйкес сойылды. Қазіргі таңда облыс көлемінде аса қауіпті аурулар тіркелмеген, эпизоотиялық жағдай тұрақты сақталуда. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары да тұрақты түрде жүргізіліп, ақпараттық жүйеге енгізіліп отыр. Өткен жылы бекітілген жоспарға сәйкес, барлығы 428,1 мың бас бірдейлендірілді. Ал, 2026 жылдың 1 қаңтарына ақпараттық жүйеде 1 334,0 мың бас ауыл шаруашылығы жануарлары тіркелді,- деді Шахмардан Сұлтанбекұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

08 қаңтар 2026 ж. 42 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 189
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 835

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031