» » Алдағы күндері Қазақстанда аяз күшейеді

Алдағы күндері Қазақстанда аяз күшейеді

3-5 қаңтар аралығында еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт өзгеріп, қар, боран және температураның ауытқуы күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, алдағы күндері Қазақстан аумағы арқылы Жерорта теңізі жақтан келген жаңа циклон өтеді. Осыған байланысты республика бойынша қар, боран, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, сондай-ақ көктайғақ пен тұман күтіледі.
Синоптиктердің болжамынша, солтүстік-батыста 3 қаңтар күні қатты қар жауады, ал 5 қаңтарда оңтүстік-шығыста жауын-шашын күшейеді. Кей өңірлерде жел екпіні артып, ауа райы қолайсыз болады.
Болжамға сәйкес, елдің көп бөлігінде қар мен боран, батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады.
Сондай-ақ республика бойынша көктайғақ, тұман және желдің күшеюі болжанып отыр.
Синоптиктер ауа температурасының бірқатар өңірде өзгеретінін атап өтті.
Температура батыста көтерілуі мүмкін: батыс өңірлерде түнде 0…–8°C, күндіз –2…+5°C.
Температураның төмендеуі болжанады:
– Орталықта түнде –10…–18°C, күндіз –5…–12°C;
– Оңтүстікте түнде 0…–10°C, күндіз –6…+2°C;
– Оңтүстік-шығыста түнде 0…–5°C, таулы аймақтарда –8…–13°C, күндіз –2…+3°C, тауда –5…–10°C.
Ал шығыс өңірлерде түнгі уақытта ауа температурасы –5…–13°C-қа дейін көтеріліп, күндіз –10°C-қа дейін төмендейді.
«Қазгидромет» өкілдері тұрғындарды ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жолға шыққанда сақ болуға, әсіресе көктайғақ пен боран кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады
02 қаңтар 2026 ж. 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№24 (10491)

04 сәуір 2026 ж.

№23 (10490)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (10489)

27 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 781
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

АБЫРОЙ ЕҢБЕКПЕН КЕЛЕДІ
28 наурыз 2026 ж. 137

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 492

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930