» » АУДАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

АУДАН ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында VIII шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс 41-сессиясы өтті. Маңызды жиынға 11 депутат қатысып, өңірдің алдағы даму бағыттарын айқындайтын өзекті мәселелер қаралды.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Шыңғыс Сыдықов, дербес бөлім басшылары, сондай-ақ жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Бұл өз кезегінде қабылданатын шешімдердің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етті.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – «2026-2030 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасын бекіту туралы» болды. Бағдарлама жобасында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету, инфрақұрылымды жаңғырту, тұрғындардың өмір сапасын арттыру, білім беру, денсаулық сақтау, ауылшаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдау бағыттары қамтылған.
Талқылау барысында депутаттар бағдарламаға қатысты өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, бірқатар нақты мәселелерге назар аударды.
Сессия соңында аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов жиын жұмысын қорытындылап, қабылданған бағдарламаның ауданның тұрақты дамуына серпін беретінін атап өтті. Сонымен қатар, алдағы кезеңде белгіленген міндеттердің сапалы әрі уақытылы орындалуы депутаттық корпус пен атқарушы органдардың бірлескен жұмысына тікелей байланысты екенін жеткізді.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
02 қаңтар 2026 ж. 256 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930