» » АУДАН БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ

АУДАН БЮДЖЕТІ НАҚТЫЛАНДЫ

Бейсенбі күні Жосалы кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында аудандық мәслихаттың VIII шақырылымдағы кезектен тыс 38-сессиясы өткізілді. Маңызды жиынға 12 депутат қатысып, олардың бесеуі онлайн форматта Zoom платформасы арқылы қосылды.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Ш.Сыдықов, сондай-ақ қазынашылық, кірістер басқармаларының өкілдері, дербес бөлім басшылары, кенттер мен ауылдық округ әкімдері қатысты.
Сессияның күн тәртібі екі негізгі мәселеден тұрды. Алдымен «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар талқыланды. Бұл ретте алдағы кезеңге арналған қаржылық жоспарлауды нақтылау мен тиімділікті арттыру бағытындағы ұсыныстар сараланды. Күн тәртібіндегі екінші мәселе – кенттер мен ауылдық округтердің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттеріне өзгерістер енгізу. Жиын барысында ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін қаржылық түзетулерге назар аударылды.
Сессия соңында депутаттар көтерген ұсыныстар мен пікірлер тыңдалып, тиісті бөлімдерге бағыт-бағдар берілді. Жиынды аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов қорытындылап, қабылданған шешімдердің өңір дамуына оң әсер ететініне сенім білдірді.
Қармақшы аудандық мәслихаты
14 желтоқсан 2025 ж. 165 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 076
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 287

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031