» » СЕССИЯДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

СЕССИЯДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Өткен аптада Жосалы кенті әкімшілігінің мәжіліс залында VIII шақырылымдағы аудандық мәслихаттың кезектен тыс 28-сессиясы өтті. Оған аудан әкімінің орынбасары Айдын Ануар, мекеме және дербес бөлім басшылары, кенттер мен ауылдық округ әкімдері және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Атап айтқанда, бірінші мәселе бойынша Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №232 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жанар Ниматулла, екінші мәселе бойынша Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №233 «2025-2027 жылдарға арналған Жосалы кентінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жосалы кентінің әкімі Алмасхан Досмұратов, үшінші мәселе бойынша Қызылорда облысы Қармақшы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №243 «2025-2027 жылдарға арналған Алдашбай ахун ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Алдашбай ахун ауылдық округінің әкімі Ермек Жақанов хабарлама жасады.
Төртінші мәселемен «Қармақшы ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Асет Омаров және «Қармақшы ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің басшысы Нұрбол Мырзабаев хабарлады.
Сессияның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық мәслихаттың тиісті шешімдері қабылданды.
Сессия алдында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізілді.
Қармақшы аудандық мәслихаты
05 наурыз 2025 ж. 243 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930