» » ТАРИХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН АПТАЛЫҚ

ТАРИХТЫ ЖАҢҒЫРТҚАН АПТАЛЫҚ

Жуырда С.Есқараев атындағы №27 орта мектепте «Тарих әлемі» атты тарих-құқық пәндері апталығы өткізілді. Апталықтың ашылуы мектеп жиынында пән мұғалімі Ж.Накубаеваның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – тұғырым» тақырыбында әдебимузыкалық монтажымен басталды. Оған 5-сынып оқушылары қатысып, тәуелсіздік күніне өздерінің жүрекжарды өлең шумақтарын арнады. Хормен патриоттық ән шырқалды.
Бірлестік мүшелері 15 минуттық үзілісте оқушылармен «Көңілді үзіліс» жасаса, оқушылар интерактивті тақтадан логикалық, қызықты сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтарға ие болды. Апталық жоспар аясында пән мұғалімі Е.Жылқыбаев 11-сынып оқушыларымен «Тарих әлеміне саяхатта» атты тарихи-танымдық ойын өткізсе, сабақ оқушылардың Қазақстан тарихынан алған білімдерін қайталау мен ҰБТ-ға дайындықтарын пысықтауға септігін тигізді.
Сондай-ақ пән мұғалімі Ғ.Олжабаев 8-9-сыныптарға «Кім жылдам?» тақырыбында интеллектуалдық сайыс өтсе, 5-6-сыныптарда өткізілген «Тарих білгірлері» атты зияткерлік сайысы жасөспірімдердің танымын кеңейте түсті. Іс-шара оқушылардың Қазақстан тарихына құрмет сезімдерін қалыптастырып, азаматтық-патриоттық тәрбие беруге жетеледі. Сайыс барысында оқушылар «Ұшқыр ой», «Суреттер сөйлейді», «Тарихи жұмбақтар», мультфильм кейіпкерлерін табу турларында бақ сынады. Ұмытылып бара жатқан Ә.Қайдаровтың 1969 жылы түсірілген тарихи аңыз «Ақсақ құлан» мультфильмін тамашалап, ондағы басты кейіпкерлер туралы әңгімеледі. Нәтижесінде 6 «б» сынып жеңімпаз болды.
Бейсенбіде мектебімізде құқық пәнінің мұғалімі Б.Әлиакбаров ұйымдастырған «Адам құқығы – ең жоғары құндылық» тақырыбындағы сабақ та мағыналы өтуімен ерекшеленді. Оған 9-сыныптар аралығында «Әділдік» және «Еркіндік» атты топтар қатысып, сәл басымдықпен «Еркіндік» тобы жеңіске жетті. Сонымен қатар пән мұғалімі Е.Жылқыбаев «Ұлы Дала тарихы» логикалық сайысын өтіп, онда 7-8-сыныптардан «Алтын Орда», «Ақ Орда», «Алаш Орда» топтары белсенділік көрсетті. Сайыс турларында оқушылар тарихи білімдерін сынап, қазақтың байырғы өлшем бірліктерін қазіргі өлшем бірліктерімен салыстыра анықтады. Нәтижесінде 8 «б» сыныптың «Алаш Орда» тобы жеңімпаз болды.
Апталықтың соңғы жұма күні пән мұғалімі Ж.Накубаева 7-10-сыныптар аралығында «Тарих толқынында» тақырыбымен көріністер байқауын өткізді. Оқушылар тарихи оқиғаларды және кейіпкерлерін үздік сомдады. Байқау нәтижесінде 8 «б» сыныптың «Исатай мен Махамбет батырлар» көрінісі үздік деп танылды. Байқау соңы «Атамекен» әнімен аяқталды.
Ермек АҚҚОЗЫҰЛЫ,
мектеп мұғалімі
27 желтоқсан 2025 ж. 63 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 134
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 786

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031