» » БАСТАУЫШ – БІЛІМ БАСТАУЫ

БАСТАУЫШ – БІЛІМ БАСТАУЫ

Төретам кентіндегі No85 орта мектепте «Бастауыш – білім бастауы» тақырыбында апталық өтті. Онда сыныптан тыс жұмыстар, көңілді үзілістер фестивалі ұйымдастырылды. Апталық қарсаңында бастауыш сынып оқушылары оқитын мектептің 1-қабаты тақырыпқа, мерекеге сай шарлармен, апталықтың түрлі-түсті қағаз бетіне басылған атымен, түрлі қабырға газетімен, гүлдермен безендірілді.
Балаларға апталық қызықты өту үшін таңертеңгі уақытта 3-сынып оқушылары мектебіміздің жас ақыны Еркебұлан Жалғасбаевтың арнау өлеңін нақышына келтіре орындап шықты. Оқушылар түрлі ойын ойнап, сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтар иеленді. Апталық барысында бастауыш сынып мұғалімі Б.Жұмажанова апталықтың ашылуын жаңа форматта өткізді. Ашылу салтанатына бастауыш сынып оқушылары қатысып, өз өнерлерін көрсетті. «Руханилықтың мөлдір бұлағы» тақырыбында көрмені А.Қасымова өткізді. 3-сыныптар аралығында «JAS ERUDIT» тақырыбында Г.Оспанова сыныптан тыс жұмыс жүргізді. Оқушылар екі топқа бөлініп, білік-дағдыларын сынады. Шәкірттеріміз үлкен қызығушылық танытып, ойынға белсене қатысты. «Қызықты математикалық ребустар» тақырыбында А.Қайруллаева көңілді үзіліспен жалғастырды. Оқушылар «Математикалық буллинг», «Бинго» ойындарына аса қызығушылықпен қатысып, сыйлық иеленді.
А.Қайруллаеваның ұйымдастыруымен 4-сынып аралығында «Дарабоз» интеллектуалды ойыны өткізілді. «Wordwall», «Bowling-quiz» платформалары арқылы тапсырмалар беріліп, оқушылардың қызығушылықтары басым болды. «Дарабоз» атағын 4 «А» сынып оқушысы Беделхан Орынбеков жеңіп алды. Б.Жұмажанова «Алып қадамдар» атты тапқырлар алаңын көңілді үзілісте өткізіп, оқушылардың қызығушылығын оята білді. А.Қасымова «Тапқырлар тартысы» білімділер додасын 4-сынып оқушылары арасында ұйымдастырды. Балалар үлкен қызығушылықпен іс-шараға қатысып, тапсырмаларды белсенділікпен орындады. А.Қайруллаева «Қызықты тәжірибелер» тақырыбында жас ғалымдармен көңілді үзіліс өткізіп, оқушылар өздері жасап келген тәжірибелерімен бөлісіп, таңғалдырды. Б.Оразбаеваның ұйымдастыруымен «Білім шыңының баспалдағы – бастауыш» атты қорытынды кеш өтті. Бастауыш сынып мұғалімдері би қимылы арқылы қорытынды кештің тақырыбын шығарды. Апта бойы өткізілген жұмыстарға тоқталып, жетістікке жеткен оқушыларды шеруге шығарды.
Апталық жұмысын қорытындылаған мектеп директоры Ж.Тәжібаев өткізілген әрбір жұмысқа талдау жасай отырып, педагогтер жетістіктеріне тоқталды. Оқушыларға мақтау қағаздарын тапсырды. Бастауыш оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Қожахметова түрлі әдіс-тәсілдерді, интерактивті мүмкіндіктерді қолдана отырып, оқушылардың қығызушылығын арттыра білген бастауыш сынып бірлестік мүшелеріне алғысын білдірді.
Айгүл ҚАЙРУЛЛАЕВА,
No85 орта мектептің бастауыш сынып
пән бірлестігінің жетекшісі
15 желтоқсан 2024 ж. 263 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 420
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 225

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930