» » «Балдырғандар математика әлемінде»

«Балдырғандар математика әлемінде»

qarmaqshy-tany.kz Байқоңыр қаласындағы №275 орта мектебінде 30.01 - 03.02.2023 жылы аралығында бастауыш сынып бірлестігінде «БАЛДЫРҒАНДАР МАТЕМАТИКА ӘЛЕМІНДЕ» атты бастауыш сыныптар апталығы болып өтті.
Апталықтың мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының математика пәніне қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, белсенділігін арттыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Бастауыш сынып оқушыларының барлығы өте жақсы қатысқан іс-шаралар оқушылар жұмысын ұйымдастырудың заманауи жолдарына арналды. 1-4 сыныптар арасында «Санамақтар сайысы», мәнерлеп оқу байқауы, тапқырлық тапсырмаларды шешу теориясына және шығармашылық тұлға дамыту теориясына негізделген 1-сыныптар арасында «Тапқыр балақайлар», 2-сыныптар арасында «Жұлдызды сандар», 3-сыныптар арасында «Математикалық квест», 4-сыныптар арасында «Қызықты математика», «Математикалық фуршет» сайыстарында білім алушылар өздерінің алғыр, зерек екендіктерін көрсетіп, сайыстар өте тартысты және қызықты өткізілді. Сондай-ақ, даярлық сыныптарда өткізілген «Математика әлеміне саяхат» сахналық қойылымы мен 3-4 сыныптар арасында өткен «Путешествие на математическом поезде» ойыны өте қызықты өтті. Апталық өз мәресіне жетті. Жеңімпаздар марапатталды. «Әр бала-болашақ данышпан» деп қарайтын, іс-шараны шебер ұйымдастыра білген бастауыш сынып мұғалімдерінің ерінбей еткен еңбегі, өзара ынтымақтастықпен жұмыс істеу арқасында келген үлкен жетістік.
09 ақпан 2023 ж. 610 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 200
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 65

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031