» » 2025 жылы жылжымайтын мүлік нарығында қандай өзгерістер болды?

2025 жылы жылжымайтын мүлік нарығында қандай өзгерістер болды?

2025 жыл еліміздегі жылжымайтын мүлік нарығы үшін оңай жыл болған жоқ. Жыл бойы пәтер бағасы айтарлықтай өсіп, ипотекалық несиелер қымбаттап, көпшілік үшін қолжетімсіз бола түсті. Сонымен қатар құрылыс саласына қатысты заңнаманың қатаңдауы, салық өзгерістері мен мемлекеттік бағдарламалардың қысқаруы нарықтағы ахуалға тікелей әсер етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Пәтерлер айтарлықтай қымбаттады

2025 жылы жаңа салынған тұрғын үйлердегі пәтер бағасы күрт өсті. Ел бойынша баға орта есеппен 15,5%-ға артты (әр шаршы метрге +75 000 теңге).
Ең жоғары өсім Алматыда тіркелді (шамамен 20%). Бағаның өсуі Павлодар (+19,6%), Астана (+17,4%) және Қонаев (+17,5%) қалаларында да байқалды. 
Бағаның бұлай өсуіне экономикалық және инфляциялық факторлар, сондай-ақ қаңтардан бастап құрылыс салушылар үшін ҚҚС жеңілдігінің алынып тасталуы және мөлшерлеменің 0%-дан 16%-ға дейін өсуі әсер етті.
Қиындықтарға қарамастан, биыл пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі жоғары болды – 11 айда шамамен 17 млн шаршы метр баспана тапсырылды.

Қайталама нарық

Қазақстанның барлық қаласында пәтерлер қымбаттады. Орташа өсім – 8%-ды көрсетті. Бағаның төмендеуі ешбір өңірде тіркелген жоқ.
Ең жоғары өсім Қостанайда (+14,4%), Астанада (+13%), Шымкентте (+12%), Алматыда (+7,3%), ең төмені – Түркістанда (+3,3%) тіркелді.
Биыл баға өткен жылмен салыстырғанда екі есе жылдам өсті.

Ипотека қолжетімсіз бола түсті

Ипотекалық несиелеу бұрынғыдан да қолжетімсіз болды. Бір жыл ішінде мөлшерлемелер 4–5%-ға өсіп, 21%-дан 25%-ға жетті. Әсіресе қайталама нарықтағы тұрғын үй алушыларға жағдай қиындады.
Банктер ең жоғары рұқсат етілген мөлшерлемелерді қайта қарау және Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің 18%-ға дейін өсуіне байланысты ипотеканы екі рет тоқтатты. Қарыз алушылар ипотекалық пайыздардың төмендеуін күткен, алайда бұл 2026 жылға қалдырылды.
Мемлекеттік бағдарламалар қысқарып жатыр. Биыл іске қосылған жалғыз жаңа бағдарлама – «Наурыз жұмысшы». Бұл жұмысшы мамандық иелеріне арналған ипотека. Мөлшерлеме 7–9%, бастапқы жарна 10%-дан басталады. Бір жылда оны 2546 адам рәсімдеген.
«7-20-25» бағдарламасының шарттары өзгерді: қалалар бойынша несие сомасы артты, бірақ жаңа талап енгізілді – соңғы 1,5 жылда қарыз алушы мен оның отбасы мүшелерінің атына тұрғын үй тіркелмеуі керек. Барлық банктер үшін жылдық лимит бұрынғыдай – 100 млрд теңге, бұл көлем жеткіліксіз.
«Наурыз» ипотекасы іске қосылғаннан бері екі жылда 15 мыңнан астам несие рәсімделді. Ал «Ұмай» әйелдер ипотекасы әлі іске қосылған жоқ.

Тұрғын үйге сұраныс артты

Ипотекадағы қиындықтарға қарамастан, тұрғын үйге сұраныс тұрақты болды. Биыл тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға артты. Белсенділік тамыз, қыркүйек және қазан айларында тіркелді, айына шамамен 41 мың мәміле жасалды.
Статистика бойынша ең сұранысқа ие баспана – бір және екі бөлмелі пәтерлер.
Желтоқсан айында, өткен жылдардағыдай, мәмілелер саны артуы мүмкін – сатушылар мен сатып алушылар Жаңа жылға дейін жоспарларын аяқтауға тырысады.

Құрылысқа бақылау күшейтілді

2025 жылы құрылыс саласына қатысты заңнама едәуір қатаңдады. Екі пакет түзету қабылданды. Негізгі өзгерістер келесідей:
  • үлестік қатысу туралы келісімшарт болмаса пәтер сатуға тыйым салынды;
  • жаңа тұрғын үйлерді жарнамалауға шектеу қойылды.
Егер заңбұзушулықтар тіркелсе 800 мыңнан 8,7 млн теңгеге дейін айыппұл салынады.

Барлық азаматтар тұрғын үй кезегіне тұра алады 

2025 жылы алғаш рет тұрғын үй кезегіне тұру барлық азаматтарға қолжетімді болды. Негізгі шарт – соңғы 5 жылда тұрғын үйі болмауы керек.
Мамыр айынан бастап тұрғын үй кезегін «Отбасы банк» жүргізеді. Қазір кезекте 640 мыңнан астам адам тұр.

Зейнетақы жеткіліктілік шектері өсті

2025 жылы соңғы үш жылда алғаш рет зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шектері көтерілді. Олар шамамен 10%-ға өсіп, 2026 жылғы қаңтардан бастап қолданылады.
Қазір зейнетақы қаражаты көбіне ипотеканы өтеуге және Отбасы банктегі депозиттерді толықтыруға бағытталып жатыр.
25 желтоқсан 2025 ж. 64 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№98 (10466)

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 (10465)

20 желтоқсан 2025 ж.

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 133
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 784

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031