» » Қазақстанда пәтер жалдау құны арзандады

Қазақстанда пәтер жалдау құны арзандады

Қазір Қазақстандағы тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалдау құны 3 мың теңге болып отыр. 5 қаңтарға қарай Қазақстандағы тұрғын үй жалдау бағасы қыркүйек-қазан айларымен салыстырғанда 33% арзандады. Басқа қалаларға қарағанда Оралда үй жалдау бағасы көбірек арзандаған, деп хабарлады  turkystan.kz Krisha.kz сайтына сілтеме жасап. 
Тек Қостанай қаласында қыркүйекпен салыстырғанда пәтер жалдау бағасы 13,7% жоғары болып отыр. Ал қалған өңірлерде керісінше арзандаған:
  • Орал – 52%;
  • Петропавл – 50%;
  • Ақтөбе – 47%;
  • Астана – 36%;
  • Алматы – 29%.
Қыркүйек айының басымен салыстырғанда елде пәтер жалдау мөлшерлемесі қазір орта есеппен 2% жоғары. Бұған қарамастан Көкшетау, Ақтөбе, Ақтау, Қарағанды, Атырау қалаларында баға қыркүйектегі деңгейден төмен. Алматы, Астана, Павлодар, Орал және басқа қалаларда 7% шегінде алшақтық сақталып тұр.
2022 жылғы желтоқсанда мөлшерлеме 6,3% төмендеді. Алматы, Қостанай, Павлодар қалаларында айтарлықтай өзгеріс бар: – 9%. Астанада: – 5,3%. Өскемен мен Петропавлда 4 пайызға дейін төмендеді.
5 қаңтарда Қазақстандағы тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалдау құны 3 мың теңге болып отыр. Минимум – 2,4 мың – Ақтөбеде, максимум – 5,7 мың – Алматыда.
08 қаңтар 2023 ж. 584 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 882
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 135

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930