Құрылтай
» » БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ АУЫЛ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНҒАН ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ АУЫЛ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕЗЕҢІНДЕ ЖҮЛДЕГЕР АТАНҒАН ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ


Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков 2025-2026 оқу жылында ауыл олимпиадасы бойынша республикалық кезеңінде жүлдегер атанған оқушыларды қабылдады.

Биылғы оқу жылында Ауыл олимпиадасының Республикалық кезеңіне 8 оқушы қатысып, 6 оқушы жүлделі орын иеленсе, 2 оқушы алғыс хатқа ие болды.

Осы ретте білім бөлімінің басшысы республикалық ауыл олимпиадасынан жүлделі орын алған оқушыларға және жетекшілік ететін пән мұғалімдеріне білім додасында көрсеткен зор жетістіктері үшін алғысын жеткізіп, алдағы уақытта білім белестерін бағындыруда тек жақсы нәтижелер мен жоғарғы көрсеткіштерге және шығармашылық табыстарға жете берулеріне тілектестігін білдірді.

Қабылдауда оқушылардың жетекшілері сөз сөйлеп, шәкірттердің шығармашылығын шыңдауда алдағы уақытта да жемісті еңбек ете беретіндерін жеткізді.

Сондай-ақ, білім бөлімі және аудандық кәсіподақ ұйымының атынан арнайы сый құрмет көрсетіліп, Алғыс хат табысталды.

25 желтоқсан 2025 ж. 312 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31