» » ТАҢҒЫ БЕЛСЕНДІЛІК – ҮЛГІЛІ БАСТАМА

ТАҢҒЫ БЕЛСЕНДІЛІК – ҮЛГІЛІ БАСТАМА


Бүгін аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде салауатты өмір салтын берік ұстанып жүрген Жосалы кентінің тұрғындарын аудан әкімі жаңа жыл қарсаңында арнайы барып, құттықтауын жеткізді. Таңғы уақытта өткен кездесуде аудан басшысы ұжым мүшелерін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Кездесу барысында аудан әкімі белсенді жандардың таңғы жаттығу арқылы тұрғындарды, әсіресе үлкен буын өкілдерін салауатты өмір салтына баулып жүрген игі бастамасын жоғары бағалады. Мұндай жүйелі бастамалар қоғам үшін маңызды екенін де атап өтті.

Белсенді өмір салтын ұстанып жүрген азаматтардың игі істері жастар үшін үлкен өнеге екенін жеткізген Жандос Еркінбек ұжым мүшелеріне жемісті бастамаларының алдағы уақытта да жалғасын таба беруіне тілектестік білдірді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

25 желтоқсан 2025 ж. 283 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930