» » ЖАСТАР КҮНІНДЕ МАРАФОННАН ЖАРЫСТЫ

ЖАСТАР КҮНІНДЕ МАРАФОННАН ЖАРЫСТЫ

Халықаралық жастар күніне орай ауданда жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған марафон ұйымдастырылды. Іс-шараны аудандық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімі мен Жастар ресурстық орталығы бірлесіп өткізді.
Жалпы марафон 5 шақырым қашықтықты қамтыды. Жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру және бұқаралық спортты дамыту мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға ауданның белсенді жастары қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша қыздар арасында І орынды Сымбат Мырзашқызы, ІІ орынды Қымбат Мырзашқызы, ІІІ орынды Кәусар Қанатқызы иеленсе, ұлдар арасында І орын Данияр Нұрбайұлына, ІІ орын Мейіржан Қалданұлына, ІІІ орын Бағдат Төребекұлына бұйырды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Бұл марафон – жастар арасында денсаулықты нығайту мен белсенді өмір салтын қалыптастыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Көпке пайдасы тиетін мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Анель ЕРЛАНҚЫЗЫ,
Жастар ресурстық орталығының кеңес
09 тамыз 2025 ж. 517 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 014
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 242

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031