Құрылтай
» » Жастар арасында жүгіруден марафон өтті

Жастар арасында жүгіруден марафон өтті

Әдетте күнделікті таңертеңгілік уақытта көше бойынан жұмысқа жанталаса асыққан адамды, балабақшаға баласын жетектеген ананы, немерелеріне сүт әкеле жатқан атаны көруге болады. Бірақ бүгінгі таң бәрінен ерекше басталды. Жастар арасында жүгіруден марафон өтті.

Халықаралық жастар күні мерекесіне орай, аудандық Жастар ресурстық орталығының және "Qadam Qarmakshy" ҚБ-ның ұйымдастыруымен жастар арасында 5 шақырымдық марафон ұйымдастырды. Марафонға кент және ауылдық округтен 50-ден аса жас қатысып нәтижесінде ер балалар арасында І орынды Әділет Амантай, ІІ орын Нұрғиса Мұқанбетқалиев, ІІІ орынды Ерсін Тоқтаров, қыз балалар арасында І орын Жансәуле Мамырбаева, ІІ орынды Динара Алтынбекова, ІІІ орын Мерей Бегжанқызы иеленді. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

Ақнұр САҒЫНТАЙ
11 тамыз 2023 ж. 590 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (10526)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (10525)

01 тамыз 2026 ж.

№56 (10524)

28 шілде 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 606
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31