Құрылтай
» » «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында студенттермен профилактикалық кездесу өтті

«Заң мен тәртіп» қағидасы аясында студенттермен профилактикалық кездесу өтті

«Заң мен тәртіп» қағидасы аясында Абылай хан атындағы жоғары колледжінің студенттерімен профилактикалық кездесу өткізілді. Кездесуге Ювеналды Полиция бөлімшесінің аға инспекторы, Полиция майоры Соболев Виталий Алексеевич, Облыстық жастар ресурстық орталығының мамандары мен Ұлттық жекпе-жектен әлем чемпионы Бейбітжан Әмірханұлы, Еркін күрестен ҚР чемпионаты Жастар арасында Азия ойындарының қола жүлдегері Мерей Науанханұлы қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдер мен жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, топтық төбелес, буллинг және суицид сияқты өзекті мәселелердің алдын алу жолдарын түсіндіру болды. Құқық қорғау органдарының өкілдері аталған құқықбұзушылықтардың салдары мен заң аясындағы жауапкершілік туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ, спорт шеберлері өз жетістіктерімен бөлісіп, кәсіби жолындағы тәжірибелерін ортаға салды.
Шара барысында студенттер сала мамандарына сұрақтар қойып, нақты жауаптар алды. Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті нығайтуға оң ықпал етеді. Алдағы уақытта да осы бағыттағы профилактикалық жұмыстар жалғасын табатын болады.
19 желтоқсан 2025 ж. 184 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10529)

15 тамыз 2026 ж.

№60 (10528)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (10527)

08 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 664
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 1 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31