» » АУДАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖАЙ КҮЙІ

АУДАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНЫҢ ЖАЙ КҮЙІ

Қармақшы бойынша жалпы білім беретін 29 мектеп орналасқан, оның 14-ы елді-мекендерде болса, 10-і кент орталығында, 5- қалалық типтегі. Барлық жалпы білім беру ұйымдары санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысымен қамтылған. Жалпы білім беретін мектептерде 5 күндік оқу аптасы енгізілген. Әрбір сыныптағы шекті сиымдылығы – 25 баладан артық емес.
Қармақшы ауданы бойынша 2024 жылы Қармақшы аудандық прокуратурасының ұсынымымен (29 мектеп, 1 интернат тексерілді, анықталған кемшіліктер бойынша шаралар көрілді.
Қармақшы ауданы бойынша барлық жалпы білім беру ұйымдарының ауыз сулары орталықтандырылған су жүйесіне қосылған.
Кәріздеу жүйесі жалпы білім беру ұйымдарының барлығында (29 мектеп) қаралған, қосымша шұңқырларды (беті жабылған, айналасы бетондалып, қоршалған шұңқырлар) пайдаланылады. Жергілікті шұңқырлардың көлемі 5 – 8 м.куб, шұңқырдың 2/3 бөлігі толғанда тазартылып отырады. Биылға оқу жылында білім беру ұйымдары ішкі әжетханамен қамтылып, толықтай жұмыс жасады.
Қармақшы ауданында қалыптасқан экологиялық ахуалды, балалар арасындағы туберкулез, жұқпалы аурулар, соматикалық аурулардың оның ішінде тыныс алу жүйелерінің жоғары деңгейін ескере отырып мектептердегі тамақтандыруды ұйымдастыру мәселелерін басымды бағыт ретінде жұмыс жүргізілуде.
Ахаулы жағдайда немесе күрделі жөндеу қажет ететін ауыз су, жылу, лас су жүйелері жоқ.
29 мектепте спорт зал қарастырылған. Денешынықтыру сабақтары өз дәрежесінде жүргізіліп отырады. Барлық мектептер спорттық құрал – саймандарымен 90 пайызға қамтамасыз етілген. Денешынықтыру сабақтары топтарға бөлінеді. Профилактикалық медициналық тексеру нәтижелерімен балалар топтарға бөлінеді.
Барлық мектептердің оқу - өндірістік шеберханаларына жаңа оқу жылына дайындық барысында ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Оқушылардың мектепте барлық уақытта ауыз суға еркін қолжетімдігі қамтамасыз етілген.

З.Атабаева,
Қармақшы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау басқармасы
12 тамыз 2025 ж. 22 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031