» » Білім беру ұйымдары вертикалды басқару жүйесіне көшірілді

Білім беру ұйымдары вертикалды басқару жүйесіне көшірілді


Облыстағы барлық білім беру ұйымдары вертикалды басқару жүйесіне көшірілді. Бұған дейін жергілікті әкімдікке қарап келген колледж, мектеп пен балабақшаларды облыстық білім басқармасы қаржыландырып, басқаратын болады. Яғни вертикалды басқару жүйесі арқылы білім басқармасына 28 жаңа функция қосылып отыр.

Жалпы аймақта 301 мектеп бар. Оның 293-і мемлекеттік болса, 8-і жеке. Ал мектепке дейінгі білім беру ұйымының саны – 665. Оның 161-ы мемлекеттік, 414 жеке, 90 шағын орталық.

– Вертикалды басқару жүйесіне өтуге байланысты білім ұйымдарындағы есеп және жоспарлау бөлімдерін автоматтандыру жұмыстары жүргізілді. Барлық білім ұйымдары аталған бағдарламаны мемлекеттік сатып алу жоспарларына енгізіп, келісім-шартқа отырды, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

Ақылы түрде өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуге өңірден 5832-і оқушы қатысты. Сынақ сегіз тестілеу пунктінде өткізілді. ҰБТ қорытындысы бойынша 409 оқушы 100 баллдан жоғары жинаса, 815-і шекті ұпайды жинай алмаған. Ең жоғарғы ұпайды Қазалы ауданының түлегі жинады. Бұл сынақ нәтижесі тек ақылы ұлттық тестке ғана жарамды.
09 ақпан 2021 ж. 772 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№6 (10374)

24 қаңтар 2025 ж.

№5 (10373)

21 қаңтар 2025 ж.

№4 (10372)

18 қаңтар 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 340
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031