» » Асхат Аймағамбетов: «Білім беру саласын басқару жүйесі өзгереді»

Асхат Аймағамбетов: «Білім беру саласын басқару жүйесі өзгереді»

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аудандық білім бөлімдері, облыстық, қалалық білім басқармалары басшыларын тағайындау және жұмыстан босату ережелерін өзгерту керектігін мәлім етті.

«Министрлік пен білім басқармалары арасындағы өзара байланыста да бірқатар мәселелер бар екені жасырын емес. Бұл да – әкімшілік және ұйымдастырушылық бағыныстылықтың болмауының әсері. Білім және ғылым министрлігі тарапынан басқармалар қызметін әдістемелік үйлестіру жөніндегі «Білім туралы» Заңда көрсетілген құзырет – бұл мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейтіні анық. Бұл ретте қолданыстағы ұйымдастырушылық және қаржы жүйесі бойынша министрліктің 20 мыңға жуық ұйымды тиімді басқаруы әзірше мүмкін емес екенін түсінуіміз керек», – деп жазды министр Facebook парақшасында.

Министрдің хабарлауынша, бұл жағдай жан басына қаржыландыруды кезең-кезеңмен енгізіп, бухгалтерия, сатып алу және тағы басқа жұмысты цифрландырғаннан, білім беру ұйымдары жанындағы корпоративтік басқару органдарын кіріктіріп, басқа да шараларды қолданғаннан кейін ғана өзгереді.

«Әзірге бізге білім бөлімдерін облыстық басқармаларға беруді дұрыс ұйымдастыру, тиімді конфигурация мен олардың өзара іс-қимыл жүйесін ретке келтіру қажет. Біз облыстық басқармалар мен қалалық, аудандық білім бөлімдерінің басшыларын тағайындау барысында Білім және ғылым министрлігімен келісу бойынша нормаларды енгізуге бастама жасадық. Сондай-ақ лауазымды тұлғаларға қойылатын біліктілік талаптарын да қалыптастырамыз. Білім бөлімдері мен басқармаларының басшысы қызметіне білім саласында тәжірибесі бар және құзыреті жеткілікті адамдар тағайындалатындай етуіміз керек. Соңғы жылдары бұл лауазымдарға білім саласына қатысы жоқ адамдарды тағайындау фактілері жиі кездесті, оған жол бермеуіміз керек», – деді ол.

Асхат Аймағамбетов өз жазбасында аудандық білім бөлімдері мен қалалық білім басқармалары басшыларын тағайындау және жұмыстан босату мәселелерінің БҒМ-мен келісілуі жөніндегі нормасы туралы сөз қозғады. Атап айтқанда бірыңғай біліктілік талаптарын қалыптастыру және қалалық білім басқармалары мен аудандық білім бөлімдерінің басшылығына тәжірибелі мамандарды тарту, директорларды тағайындау жүйесін өзгерту, оларды аттестаттау және ротациялау институтын енгізу, дербестендірілген және жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне ауыстыру, басқару жүйесін өзгерту және білім беру бөлімдерін мектептер мен балабақшаларымен қоса облыстық деңгейге беру жұмыстары жүргізілмек. Осылайша, жалпы жүйенің тиімділігін арттыруға болады.
kyzylorda-news.kz
19 шілде 2020 ж. 625 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 035

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031