2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
» » Жемқорлыққа жол берілмейді

Жемқорлыққа жол берілмейді

Жемқорлық – кез келген мемлекеттің дамуын тежейтін, қоғамның әділдікке деген сенімін әлсірететін аса қауіпті әлеуметтік дерт. Ол мемлекеттік басқарудың тиімділігін төмендетіп, халықтың билікке деген көзқарасын теріс бағытқа өзгертуі мүмкін. Сондықтан жемқорлықпен күрес – тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Заң талаптарын күшейту, бақылау жүйесін жетілдіру және ашықтықты арттыру – осы бағыттағы негізгі құралдардың бірі.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықты болдырмауда қоғамның құқықтық мәдениеті ерекше рөл атқарады. Әрбір азамат өз құқығы мен міндетін дұрыс біліп, пара беруден және алудан саналы түрде бас тартуы қажет. Білім беру ұйымдарында адалдық, әділдік, жауапкершілік құндылықтарын насихаттау – болашақ ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді. Мемлекеттік қызметкерлер арасында этикалық нормаларды күшейту, қызметтік жауапкершілікті арттыру да маңызды қадамдардың бірі.

Жемқорлыққа қарсы күрес тек жазалау шараларымен шектелмеуі тиіс. Ең бастысы – алдын алу, яғни қоғамда адалдық атмосферасын орнату, жауапты мемлекеттік басқаруды жолға қою. Қоғам мен мемлекет күш біріктіргенде ғана сыбайлас жемқорлықты түбегейлі азайтуға және әділ, ашық мемлекет құруға мүмкіндік туады.
С.Қожабаев,
Қармақшы аудандық сот әкімшісінің
бас маман-сот отырысының хатшысы 
11 желтоқсан 2025 ж. 195 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (10541)

25 қыркүйек 2026 ж.

№72 (10540)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 907
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 159

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930