» » МОНУМЕНТТІК ӨНЕР ҚҰРЫЛЫСТАРЫН ОРНАТУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ

МОНУМЕНТТІК ӨНЕР ҚҰРЫЛЫСТАРЫН ОРНАТУДЫҢ ЖАҢА ТӘРТІБІ

Бүгінгі күні елімізде монументтік өнер құрылыстары – ескерткіш, бюст, стелалар орнату «Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы (тіркелген уақыты 29.04.2020 ж №20527) негізінде орнатылады.
Мемлекет басшысы өткен жылғы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты отырысында монументтік өнер құрылыстарын орнатуды заңнамалық реттеуді күшейту жөнінде тапсырма берді.
Тапсырманы орындау мақсатында Министрлік 2020 жылғы 29 сәуірдегі №103 Министрліктің бұйрығымен бекітілген Монументтік өнер құрылыстарын орнату қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Бұл түзетулер 2024 жылғы желтоқсан айында күшіне еніп, монументтік өнер құрылыстарын орнату жұмыстары жаңа тәртіпке сай жүргізілуде.
Осы қағидаларға сай монументтік өнер құрылыстарын орнату (бұдан әрі құрылыс) жөніндегі жұмыс төмендегі талаптарға сәйкес жүргізіледі:
1) Құрылысты орнату ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі №1465 «Мерейтойлар мен атаулы күндерді мерекелеу туралы» қаулысымен айқындалған көрнекті тұлғалардың мерейтойлық және атаулы күндеріне орайластырады. Яғни, осы қаулыға сәйкес ескерткіштер белгілі тұлғалар мен айтулы оқиғалардың жүз жылдықтарына және әрбір 25 жыл сайын әрбір бір елді мекенге бір ғана туынды орнатылатын болады.
2) Құрылысты заңды немесе жеке тұлғаларға тиесілі жекеменшік учаскелерде орнатуға тыйым салынады.
3) Құрылыс бойынша жұмыстар жоспарға сай жүргізіледі. Жоспар­­ды тарихи-мәдени мұра обьектілерін қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган жоспарланып отырған жылдың алдындағы ағымдағы жылғы 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде қалыптастырады.
4) Құрылыс каhармандық пен ерлік танытқан, мемлекет тәуелсіздігін нығайтуға айтарлықтай ерен үлес қосқан жағдайларды қоспағанда, аса көрнекті тұлғалар қайтыс болған немесе маңызды тарихи оқиғалар орын алған күннен бастап кемінде бес жыл өткен соң орнатылады.
5) Құрылыс мемлекеттік меншіктегі жалпыға ортақ пайдаланатын орындарда орнатылады.
6) Орнатылатын құрылыстың үздік жобаларын республикалық шығармашылық конкурс жариялау арқылы анықтайды. Бұдан өзге Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес трайбалистік сипаттағы жаңа ескерткіштерді орнатуға жол берілмейді. Сонымен бірге көрнекті тұлғаның үлесі немесе тарихи оқиғаның маңыздылығын растайтын ғылыми негізделген құжаттардың болмауы, сондай-ақ ескерткіш орнату кезінде Республикалық ономастика комиссиясымен бекітілген «Тарихи тұлғалар» тізімінде болмауы ұсыныстарды кері қайтаруға негіз болады. Қабылданған нормативтік шаралар құрылыстардың көркемдік және идеялық деңгейінің жоғары болуы, даму жоспарына сәйкестігі, экономикалық-әлеуметтік тиімділігі, маңыздылығы, мазмұндылығы және жергілікті жерлерде бейберекет ескерткіштер мен бюсттерді орнатудың алдын алуға бағытталады.
Г.БАЙКУБЕКОВА,
К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінің маманы
05 желтоқсан 2025 ж. 49 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 005
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 681

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031