» » Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету жөніндегі келіссөздерді бастайды

Бүгін Қазақстан мен Еуропалық одақ визалық режимді жеңілдету жөніндегі келіссөздерді бастайды


Брюссельде Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен ЕО-ның Жоғарғы өкілі Кайя Калласдың төрағалығымен отырыс өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2 желтоқсанда ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету жөніндегі келіссөздер, сондай-ақ реадмиссия туралы келісім бойынша жұмыс басталатынын жариялады.

ЕО Қазақстанның ең ірі экономикалық серіктесі болып қала береді: тауар айналымы $50 млрд-қа жетті, инвестициялар көлемі — $200 млрд. Елде 4 мыңнан астам еуропалық компания жұмыс істейді.

Жеке түрде Транскаспий «Орта дәлізін» дамыту, сондай-ақ «жасыл» экономика мен цифрландыру саласындағы жобалар талқыланды (©Kursiv).

*prokadrykz парақшасына жазылыңыз*
02 желтоқсан 2025 ж. 226 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 443

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30