» » Қазақстан сыртқы істер министрі мен ЕО Өкілдігінің басшысы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Қазақстан сыртқы істер министрі мен ЕО Өкілдігінің басшысы ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Тараптар 2015 жылғы 21 желтоқсанда Астана қаласында қол қойылған Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімді (КӘЫК) іске асыру үшін бірлескен қадамдарды көрсететін жол картасын әзірлеу жұмыстарын бастау қажеттігі туралы келісті. (Қазіргі кезде КӘЫК-ті ЕО-ға мүше барлық 28 мемлекет ратификациялауға дейін уақытша қолдану режимінде қолданып келеді: бұл ретте, ЕО-ға мүше 23 мемлекет және Еуропалық Парламент оны бекітті).

Сонымен қатар, Қ.Әбдірахманов және Т.Христеа Еуразия құрлығындағы өзара байланыс және көліктік-логистикалық қатынастардың перспективалық бағыттарын, сондай-ақ Орталық Азия мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы оң үрдістерін қарастырды. Еуропалық Одақ Өкілдігінің Басшысы әзірленіп жатқан Еуропа мен Азия арасындағы өзара байланыс жөніндегі Еуропалық Одақтың стратегиясын осы жылдың қазан айында өтетін «Азия-Еуропа» Форумы Саммитіне (АСЕМ) дейін бекіту күтіліп отырғанын айтып өтті. Сонымен қатар, өңір елдері, оның ішінде Қазақстан белсенді қатысып отырған Орталық Азия бойынша ЕО-ның жаңа Стратегиясын әзірлеу процесі жалғасуда. ЕО-ның жаңа стратегиясы 2019 жылдың екінші жартысында қабылданады деп болжануда.
Ауғанстандағы тұрақты дамуға жәрдемдесу мәселелерінде ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. ЕО Елшісінің айтуынша, қазақстандық тараптың тиісті бастамасына жауап ретінде Еуропалық Комиссия 2010 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан Қазақстанның Ауғанстан үшін білім беру бағдарламасын дамыту шеңберінде Қазақстанның жоғары оқу орындарында ауған әйелдерін оқыту жобасын қаржыландырудың бірінші кезеңін дайындауға кірісті.
Кездесу барысында еуропалық дипломат қоғамдық өмірдің түрлі салаларындағы құқық үстемдігі мен заңнаманы жетілдіруге бағытталған Қазақстанның институционалды реформаларын іске асыру барысы туралы хабардар болды.
Қ. Әбдірахманов экономикалық даму үшін жаңа ынталандыру шараларын, орта тапты нығайту және елдің адами әлеуетін одан әрі дамытуға бағытталған Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасымен егжей-тегжейлі таныстырды.
Осы орайда, тараптар аталған бастамаларды іске асыруда Қазақстан мен Еуропалық Одақтың өзара ықпалдасу жолдарын талқылай отырып, осылар ҚР мен ЕО ынтымақтастығының негізгі бағыттарына, оған мүше мемлекеттердің және қаржы институттарының, атап айтқанда Еуропалық қайта құру және даму банкінің негізгі бағыттарына толық сәйкес келетіндігіне назар аударды.



16 наурыз 2018 ж. 1 219 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031