» » ЖАС МАМАНДАРДЫ ҚОЛДАП, ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТҚАН КӘСІПОРЫН

ЖАС МАМАНДАРДЫ ҚОЛДАП, ӨҢІР ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТҚАН КӘСІПОРЫН


«Гежуба Цемент компаниясы» Қызылорда облысы, Шиелі ауданында орналасқан ірі цемент өндіруші кәсіпорын. Зауыт 2018 жылы іске қосылған. Жылына 1 миллион тонна цемент өндіру қуатына ие. Компания шығаратын тампонажды цемент құрылыс, мұнай-газ және уран өндірісінде кеңінен қолданылады. Қажетті шикізаттың дені Шиелі ауданынан алынып, қалғаны басқа облыстардан жеткізіліп тұр.

- Кәсіпорын тәулігіне 4 мың тоннаға дейін өнім шығарады. Бұл өндірістің тұрақтылығы мен технологиялық әлеуетінің жоғары екенін білдіреді. Өнімнің 80 пайызға жуық шикізаты жергілікті Шиелі ауданынан алынады. Ал қалған 20 пайызы басқа облыстардан жеткізіледі. Бұл өндірістің отандық шикізатқа негізделгендігін көрсетеді. Зауытта 600-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Зауыт қызметкерлері заманауи технологиямен жұмыс істейді. Қауіпсіздік және сапа стандарттары толық сақталған. Компания өндірген өнім Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне тасымалданып, құрылыс индустриясына кеңінен пайдаланылуда,- деді зауыт қызметкері Табиғат Әбеков.

Зауыт жұмысын бастаған жылы жергілікті 100 жас Қытай еліндегі зауытта оқып келіпті. Артынша инвесторлар Шиелі индустриялық-аграрлық колледжі базасында тағы 100 маман даярлауды қолға алған. Қазір маман даярлау бағытында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетімен байланысты нығайтқан.
02 желтоқсан 2025 ж. 56 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 997
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 672

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031