» » 2026 жылы 1 АЕК қанша теңге болады?

2026 жылы 1 АЕК қанша теңге болады?

Елімізде 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері және бірқатар әлеуметтік төлемдер өзгереді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Парламент 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті бекітті. Құжатта түрлі есептеулер мен әлеуметтік төлемдер үшін қажет негізгі параметрлер белгіленген.
2026 жылға арналған басты көрсеткіштер:
  • АЕК – 4 325 теңге (2025 жылы – 3 932 теңге).
  • Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге (өзгеріссіз).
  • Төменгі зейнетақы – 69 049 теңге (2025 жылы – 62 771 теңге).
  • Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге (2025 жылы – 32 360 теңге).
  • Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге (2025 жылы – 46 228 теңге).
АЕК – мемлекет айыппұлдар, әлеуметтік төлемдер, жәрдемақылар, салықтар мен түрлі жеңілдіктерді есептеу үшін қолданатын бірыңғай көрсеткіш. Бұл жүйе барлық төлемдер мен санкцияларды әр жолы қайта есептемей, бір базаға байлауға мүмкіндік береді.
Баға өсімі мен өмір сүру құнының жоғарылауына байланысты АЕК те жыл сайын индексацияланады. Бұл айыппұлдар мен төлемдердің құнсызданбауына, инфляцияға бейімделуіне көмектеседі.
27 қараша 2025 ж. 57 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

№89 (10457)

22 қараша 2025 ж.

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 953
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 638

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930