» » ӘКЕЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ – ҚОҒАМ ТІРЕГІ

ӘКЕЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ – ҚОҒАМ ТІРЕГІ

Адамзат өркениеті дамыған сайын қауіпсіздік мәселесі де күн тәртібінен түспейтін өзекті салаға айналып отыр. Әсіресе жасөспірімдердің мінезқұлқы, олардың құндылықтық бағдарлары, қоғамға бейімделуі мен жауапкершілігі отбасы, мектеп және қоғамдық институттардың бірлесе атқаратын міндеті. Осы ретте А.Жанпейісов атындағы №105 мектеп-лицейінің бастамасымен ұйымдастырылған «Заң және тәртіп – қауіпсіз қоғамның тірегі» атты аудандық семинардың мәні зор болды. Іс-шараға түрлі сала мамандары, қоғам белсенділері мен «Әкелер одағы» кеңесінің мүшелері арнайы шақырылды.
Семинарға аудандық прокуратура қызметкері Әділет Сәду, «Жастар денсаулық орталығының» маманы Әмина Кетебаева, «Германиядағы кеңес әскерінің тобы мен Варшава келісім-шарт әскерлерінің тобы ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің аудандық филиал директоры Самат Бұлақбаев, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Мағауия Әлиев, аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Нұрбек Серіков, аудандық білім бөлімінің әдіскері Ақтолқын Тоқшылықова және мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы Көптілеу Қазақбаева қатысты.
Әрбір қатысушы өз саласының мәселелерін қозғап, жасөспірімдерге қатысты құқықтық, психологиялық және тәрбиелік бағыттағы өзекті жайттарға тоқталды. Бұл басқосу – жай жиналыс емес, бүгінгі қоғамда ата-ананың, әсіресе әкенің рөлін арттыруды мақсат еткен ашық алаң іспеттес болды.
Семинардың басты мақсаты – балалар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, ата-аналардың жауапкершілігін күшейту, ұлттық және адамгершілік құндылықтарды ұрпақ тәрбиесіне тиімді енгізудің жолдарын айқындау.
Бүгінде отбасы институтының әлсіреуі, ақпараттық қоғамның ықпалы, жасөспірімдер арасындағы кибербуллинг, ерте жастан құқықбұзу фактілерінің артуы – үлкен алаңдаушылық тудырып отыр. Осыған байланысты қатысушылар бала тәрбиесіндегі әкенің орнына ерекше тоқталды.
«Әкелер одағы» кеңесінің мүшелері ұлттық тәлімге негізделген қамшы өру дәстүрін меңгерту, «Шебер әке» сайысындағы белсенділік, отбасындағы ер адамның беделі мен жауапкершілігі жөнінде пікір білдіріп, тәжірибелерімен бөлісті. Қарапайым іс-әрекеттің өзі баланың бойына ең қажет қасиеттерді сіңірудің тиімді құралы екенін атап өтті.
Жиын барысында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының мазмұны мен оны жүзеге асыру жолдары талқыланды. Аталған бағдарлама ел жастарының бойына адалдық, отаншылдық, адамгершілік, бірлік сияқты негізгі құндылықтарды қалыптастыруды көздейді.
Осы бағытта №105 мектеп-лицейі робототехника, қолданбалы өнер үйірмелері, спорттық секциялар, шығармашылық жобалар, азаматтық-патриоттық тәрбие беру бағдарламалары арқылы жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Қатысушылар аталған жұмыстардың үйлесімділігін жоғары бағалап, тәжірибесін аудандық деңгейде тарату қажеттігін айтты.
Семинар барысында әкелер қауымдастығының рөлі туралы бейнероликтер көрсетіліп, жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылатын міндеттер талқыланды. Қатысушылар әкенің баланың өміріндегі орнына қайта үңілудің маңыздылығын атап өтті.
Әкенің сөзі – өсиет, ісі – үлгі, қарымқатынасы – баланың болашақтағы мінезқұлқына тікелей әсер ететіні туралы пікірлер ортаға салынды. Әрбір әке өзінің отбасына ғана емес, өскелең ұрпақтың рухани дамуына әсер ететін қоғам мүшесі екені айқындалды.
Кездесуді қорытындылаған №105 мектеп-лицейінің директоры Нұржан Жақыпбекұлы семинардың маңызын атап өтіп, бала тәрбиесінде мектеп пен атаананың ынтымақтастығын күшейтудің ерекше қажеттілігін айтты. Ол арнайы қатысқан қонақтарға және «Әкелер одағы» кеңесі мүшелеріне мектеп ұжымы атынан ризашылық білдіріп, алдағы уақытта да мұндай кездесулердің жалғасатынын жеткізді.
Іс-шара барысында мектеп оқушылары мен әкелер қауымдастығының бірлескен жұмыс нәтижелері көрсетіліп, жас буынның дұрыс бағытта тәрбиеленуі үшін жасалып жатқан игі істер жұртшылыққа таныстырылды.
Аудандық семинар жасөспірім тәрбиесіне жауапты тараптардың басын қосып қана қойған жоқ, қоғамдағы әкенің рөлін арттыру, балалардың құқықтық мәдениетін көтеру және тәрбие беру бағытындағы жаңа міндеттерді айқындап берді. Тұлға тәрбиелеу – ең әуелі отбасынан басталатыны, әке мен мектептің бірлескен жұмысы – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың негізі екені тағы да дәлелденді.
Айбол ҚОЗЫБАҚОВ,
№105 мектеп-лицейі директорының тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары
26 қараша 2025 ж. 60 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10458)

25 қараша 2025 ж.

№89 (10457)

22 қараша 2025 ж.

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 931
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 625

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930