» » 15 ҚАРАША - ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІ

15 ҚАРАША - ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІ

15 қараша - Ұлттық валюта күні және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл күн - тәуелсіз еліміздің қаржы жүйесінің қалыптасу тарихындағы ерекше белес, экономикалық дербестіктің жарқын көрінісі. Осы атаулы датаға орай Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасының басшысы Сәкен Мырзабек өңірдің қаржылық ахуалы мен экономикалық дамуы туралы баяндады.
Басқарма басшысының айтуынша, биылғы жылы Қызылорда облысының жалпы бюджет көлемі 855,8 млрд теңгені құрап отыр. Өңір экономикасының негізгі көрсеткіштері жыл басынан бері тұрақты өсімге ие болып, дамудың оң динамикасын көрсетуде.
«Жыл сайын өңір экономикасын әртараптандыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жаңа жобаларымыз қарқынды жүзеге асуда. Биыл жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн 100 млрд теңгеге жетті. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің барлығында өсім бар. Жыл соңына дейін осы қарқынды сақтап, жалпы өңірлік өнім көлемін 3,7 трлн теңгеге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Аймақ бюджеті 247 пайызға өсті, оның 56 пайызы әлеуметтік салаға бағытталды. Даму бюджетінің көлемі 4,4 есеге ұлғайды. Өңірдің өзекті мәселелерін шешуге және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға арналған бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады», — деді Сәкен Салхадинұлы.
Спикердің мәлімдеуінше Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы соңғы жылдары жаңа серпін алып, инвестициялық белсенділік артып келеді. Инфрақұрылымдық жобалар, әлеуметтік салаға құйылған қомақты қаржы және өндірістік әлеуеттің артуы өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуде.
Ұлттық валютамыз - теңге күні қарсаңында БАҚ өкілдеріне ұсынылған ақпарат ел экономикасы мен өңірдің даму бағытын көрсетті. Қаржы жүйесіндегі тұрақтылық - елдің әлеуметтік әл-ауқаты мен болашаққа деген нық сенімінің кепілі.
15 қараша 2025 ж. 118 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930