» » ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНҒАН МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА ТАЛҚЫЛАНҒАН МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ


Бүгін Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкіметтің, Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі бірлескен іс-қимыл бағдарламасы талқыланған Үкімет отырысы өтті.
Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режимде қатысты. Үкімет отырысынан кейінгі жиында алдағы міндеттерді белгілеп, жауапты сала басшыларына тапсырмалар берді.
«Бүгін 2026-2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру мен халықтың ал-ауқатын арттыру жөніндегі іс-қимыл бағдарламасы қаралды. Үкімет басшысы аталған бағдарламаның маңыздылығын атап өтіп, орталық атқарушы органдар мен өңір әкімдеріне тиісті тапсырмалар жүктеді.
Бағдарламада өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары айқындалған. Бүгінгі мәжілісте өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін қараймыз.
Әріптестер, жылдың аяқталуына аз уақыт қалды. Барлық көрсеткіш бойынша 2025 жылға болжамды жоспардың орындалуын қамтамасыз етуіміз қажет.
Өткен 10 айдың қорытындысына қарағанда, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң динамикасы қалыптасты. Қызылорда қаласы мен аудандарда экономикалық өсім бар.
Өнеркәсіп өндірісі оң динамикаға шығу үшін өңдеу өнеркәсібі саласын дамыту керек. Алайда, кәсіпорындар жұмысы әлі де өз деңгейінде емес. Теріс динамика көрсеткен кәсіпорын басшыларымен кездесіп, жағдайды реттеу үшін нақты жұмыс жүргізу қажет.
Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы Қызылорда қаласы әкімдігімен бірлесіп, резервтерді ұлғайтудың қосымша көздерін қарастырып, жыл соңына дейін көрсеткіштің өсімін қамтамасыз етіңіздер.
Облыстық экономика және қаржы басқармасы мүдделі облыстық басқармалармен, қала және аудан әкімдіктерімен, статистика департаментімен бірлесіп, 11 айдың, жыл қорытындысының экономикалық көрсеткіштері қарқынды өсім динамикасына жетуі үшін нақты шара қабылдаңыздар.
Өнеркәсіп саласындағы көрсеткіштердің өсімін қамтамасыз етуде қолға алынған барлық жобаның мерзімінде аяқталуы, статистикалық есептемелерді мерзімінде әрі сапалы тапсыру өте маңызды», – деді Н.Нәлібаев.
Басқосуда сала басшыларына төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, жылу беру маусымындағы оқыс оқиғалардың алдын алу жұмыстарын шұғыл жүргізу тапсырылды. Халықпен кездесулер, брифингтер ұйымдастыру, шалғай елді мекендердегі өрт сөндіру пункттерін талапқа сәйкестендіру, қажетті құрылғылармен жабдықтау міндеттелді.
Келесі өзекті мәселе – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру. Облыс әкімі ауыл шаруашылығы басқармасына аудан әкімдіктерімен бірлесіп, бағаны күнделікті қатаң бақылауда ұстауды жүктеді.
«Әлеуметтік дүкендер қызметін жетілдіруге қатысты нақты ұсыныс беріңіздер. Бүгінде «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы өңірлік тұрақтандыру қорына арзан бағамен күзгі өнімдер сатып алуда. Қала, аудан әкімдіктері, белгіленген кестеге сәйкес әр айға бөлінген өнім көлемін жеткізіп, белгіленген бағамен сатуды үйлестіріңіздер.
Облыс, аудан орталықтарында жәрмеңке ұйымдастыруды жүйелі түрде жалғастырып, Қызылорда қаласындағы әлеуметтік дүкендерді талаптарға сәйкестендіріп, аумағының тазалығын тұрақты бақылау керек», – деді Н. Нәлібаев.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

19 қараша 2025 ж. 39 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 892
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 595

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930