» » ҚР Премьер-министрі Үкіметтің басым міндеттерін атап өтті

ҚР Премьер-министрі Үкіметтің басым міндеттерін атап өтті

Тиімді макроэкономикалық саясатты іске асыру, жаһандық өзгерістерге байланысты болған инфляция деңгейін төмендету және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету басым міндеттер болып табылады. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.


«Құрметті Президент мырза, Құрметті депутаттар! Маған артқан сенімдеріңіз үшін алғысымды білдіргім келеді. Бұл Мен үшін үлкен жауапкершілік. Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының басшылығымен бейбітшілік пен келісімді, елдің тәуелсіздігін, ұлттық қауіпсіздікті нығайту үшін өз халқын тыңдайтын мемлекет құруға бағытталған өзгерістер болып жатыр. Азаматтардың барлық заңды талаптары тыңдалып, іске асырылатын болады. Президент мырза, сіздің елдегі әлеуметтік жағдайды тұрақтандыру, халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі тапсырмаларыңыз Үкімет үшін басым міндет болады. Үкімет Президенттің өтініштері, ұсынылған реформалар, осы тапсырмалар және барлық стратегиялық және бағдарламалық құжаттар бойынша міндеттерді іске асыратын болады», деді ҚР Премьер-Министрі.
Әлихан Смайыловтың айтуынша, тиімді макроэкономикалық саясатты іске асыру, жаһандық өзгерістерге байланысты болған инфляция деңгейін төмендету және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету басым міндеттер болып табылады.




11 қаңтар 2022 ж. 504 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 233
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031