» » АЙМАҚ БАСШЫСЫ «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ ҮМІТ ШАЯХМЕТОВАМЕН КЕЗДЕСТІ

АЙМАҚ БАСШЫСЫ «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ ҮМІТ ШАЯХМЕТОВАМЕН КЕЗДЕСТІ


Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы Үміт Шаяхметовамен кездесті. Кездесуде шағын және орта бизнесті, инвестициялық жобаларды қаржыландыру мәселелері талқыланды.
«Біз «Қазақстан Халық банкімен» өзара сенімді серіктестікке дайынбыз. Бүгінгі кездесу жаңа жобалар мен бастамаларға жол ашады деп сенеміз. Сіздерге табыс, сәттілік пен жаңа жетістіктер тілеймін», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Бүгінде өңірде инвестиция тарту, кәсіпкерлікті дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытында ауқымды жұмыс жүргізілуде. Өткен жылы жеке кәсіпкерліктің 4312 жобасын қолдауға барлық көзден 78,6 млрд теңге бағытталды. Екінші деңгейлі банктер арқылы 1246 жобаға 38,5 млрд теңге несие беріліп, оның 50 пайызын «Қазақстан Халық банкі» қамтамасыз етті.
Жыл басынан бері бизнестің 2301 жобасына 41,8 млрд теңге қолдау көрсетілді. Екінші деңгейлі банктер 192 жобаға 18,1 млрд теңге несие берген, оның 60 пайызын «Қазақстан Халық банкі» ұсынған.
Биыл банк жеке кәсіпкерлікті, ішкі сауда субъектілерін және өңдеу өнеркәсібін қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды, соның ішінде «Өрлеу» бағдарламасын іске асыруда белсенділік танытты.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

12 қараша 2025 ж. 65 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

№85 (10453)

08 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 866
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 580

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930