» » Қызылордада «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы өтті

Қызылордада «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы өтті

Қызылорда облысы бойынша «Заң мен Тәртіп» идеологиясын насихаттау аясында өңірде «Халық Заңгері» республикалық акциясы өтті.
Акцияның негізгі мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсету, олардың өз құқықтары мен заң алдындағы мүмкіндіктерін білуіне жағдай жасау.
Өңірдің қала, аудан және ауылдық округтар аймақтарында жүзден аса білікті мамандармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Соның ішінде белгілі адвокаттар, заңгерлер, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, полиция қызметкерлері, әкімдіктердің, әділет органдарының, салық органдарының, жылжымайтын мүлікті тіркеу бөлімінің қызметкерлері және т.б. қатысты.
Акция барысында тұрғындарға прокуратура қызметкерлерімен түсіндірмелі үнпарақтар таратылып, жер қатынастары, әлеуметтік төлемдер, еңбек даулары, тұрғын үй, несиелік, жергілікті соттарда қаралып жатқан даулар және отбасы мәселелері бойынша кеңес алды.
Тоғыз жүзге жуық тұрғындар мен қонақтар өз мәселелері бойынша кеңестер мен құқықтық көмек алып, олардың бірқатары шешімін тапты, қалғандары бойынша шешім қабылдау жөнінде нақты нұсқаулар берілді.
Мұндай игі бастамалар қоғамдағы заң үстемдігін нығайтуға, азаматтардың билікке деген сенімін арттыруға зор үлес қосады.
03 қараша 2025 ж. 193 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№71 (10539)

18 қыркүйек 2026 ж.

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 878
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 131

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930