» » ӘДЕБИ КВЕСТ – КІТАП ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

ӘДЕБИ КВЕСТ – КІТАП ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

Ақжар ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен отандық әдебиеттегі үздік 100 кітапты анықтау мақсатында өткен жалпыхалықтық сауалнама бойынша таңдалған «100 кітап» жобасы аясында «BOOK QUEST: 100 кітап әлеміне саяхат» атты интерактивті әдеби квест кеші өтті. Мақсаты – «100 кітап» тізіміндегі шығармаларды жастарға жаңаша, қызықты форматта таныту. Кітап оқу мәдениетін дамытып, оқырман белсенділігін арттыру.
Кітап әлемінің саяхатшылары нағыз әдебиеттің жұмбақ әлеміне еніп, «100 кітап» жобасы бойынша білім, тапқырлық командалық жұмыстар ұйымдастырылды. Сайысқа «Кітап қырандары», «Әдебиет жұлдызы», «Тапқырлар» топтары қатысып, өзара бақ сынасты. Әдеби квест кеші 5 бекеттен тұрды. Әр бекет – бір ерекше әдеби сынақ болды. Сайысқа Ақжар ауылдық кітапханасының зейнеткер кітапханашысы Күләш Хамитқызы және №28 мектептің қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Альбина Шакизада төрелік етті. Нәтижесінде «Әдебиет жұлдызы» тобы І орын, «Кітап қырандары» тобы ІІ орын, «Тапқырлар» тобы ІІІ орын иеленіп, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Күлшара Қаниеваның Алғыс хатымен марапатталса, Ақжар ауылының тұрғыны, жеке кәсіпкер Сапарбек Думанның демеушілігімен қаржылай сыйлық үйлестірілді.
Ақмарал ӘМІРАЛИЕВА,
кітапханашы
02 қараша 2025 ж. 153 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10452)

04 қараша 2025 ж.

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.
ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 815
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 534

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930