» » Қазақстандықтарға қар жауып, боран соғатыны ескертілді

Қазақстандықтарға қар жауып, боран соғатыны ескертілді

Қазгидромет синоптиктері 1, 2, 3 және 4 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктер мәліметінше, Қазақстан аумағына солтүстік циклон келіп, жауын-шашын мен айтарлықтай суық әкеледі.

Солтүстік пен шығыста қар мен боран күтіледі

Циклон Қазақстан аумағы арқылы жылдам жылжып, жаңбырды қарға ұластырады. 4 қарашада елдің солтүстік және шығыс өңірлерінде қар, кей жерлерде қалың қар, сондай-ақ боран, екпінді жел және көктайғақ болады деп болжанған.
Ауа температурасы бірден төмендейді: түнде –5 пен –13 градус аралығында, күндіз –3 пен –11 градус аралығында болады.

Суық оңтүстікке де жетеді

Суық фронт Қазақстанның оңтүстігіне де таралады. 4 қарашада жаңбыр мен дымқыл қар күтіледі, кейін мұнда да ауа температурасы төмендейді: түнде –13 градусқа дейін, ал күндіз +5 градустан жоғары болмайды.
31 қазан 2025 ж. 373 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№84 (10552)

07 қараша 2026 ж.

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 291
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 442

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30