» » ТУҒАН ЖЕРІ БАТЫР ҰЛЫН ЕСКЕ АЛДЫ

ТУҒАН ЖЕРІ БАТЫР ҰЛЫН ЕСКЕ АЛДЫ

Қасиетті қазақ жері ел қорғаған, халқының намысы мен болашағы үшін аянбай тер төккен тұлғаларға кенде болған емес. Өнегелі өмірімен өскелең ұрпаққа үлгі болған сондай азаматтардың бірі – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болған, генерал-майор Бақыт Құрманбаев. Ол – туған жерінің ғана емес, бүкіл Сыр елінің мақтанышына айналған тұлға.
Жуырда Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейде ерлік пен елжандылықты дәріптеу мақсатында генерал-майор Бақыт Құрманбаевтың өмір жолына тағзым ретінде аудандық әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Бұл іс-шара жас ұрпақтың бойына патриоттық рух пен отансүйгіштік қасиетті сіңіруге бағытталды.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов, қорғаныс бөлімінің ардагері Мыңділда Ршауов, сондай-ақ Бақыт Жанұзақұлының ардақты анасы қатысты. Құрметті қонақтар жастарға ізгі тілек білдіріп, ерлік пен еңбек, намыс пен рухтың маңыздылығын айтып өтті.
Жарыс барысында мектеп оқушылары өздерінің ептілігі мен батылдығын, шыдамдылығы мен шапшаңдығын сынға салды. Олар АК-74 оқу қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтау, оқжатарды патрондармен жарақтау, белтемірге тартылу, арқаға жатып денені көтеру, сондайақ арқан тарту секілді бірнеше әскериқолданбалы спорт түрлерінен бақ сынасты.
Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар ерекше дайындық пен рух-жігер танытты. Әрбір оқушының бойынан Отанға деген сүйіспеншілік пен намыс оты байқалды.
Іс-шара соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтар табысталды. Осындай тағылымды іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында елін, жерін сүю, туған халқының тарихына тағзым ету сезімін оятады.
Генерал-майор Бақыт Құрманбаевтай абзал азаматтардың өмір жолы – ел қорғаны болуға талпынған әрбір жас үшін нағыз ерлік мектебі.
Ақнұр САҒЫНТАЙ
30 қазан 2025 ж. 251 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930