» » Ядролық зұлмат – ел жадында

Ядролық зұлмат – ел жадында



Халық жадында мәңгілікке сақталған Семей ядролық полигоны – еліміздің ең қасіретті беттерінің бірі. Осы зұлматтың зардабын тартқан мыңдаған адамның рухына тағзым ету – әрбіріміздің азаматтық парызымыз. Осы мақсатта 29 тамыз – Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орай Қармақшы ауданында еске алу шарасы өтті.

Іс-шара ядролық сынақ құрбандарының рухына Құран бағышталып, гүл шоқтарын қоюмен басталды.

Аталған шарада сөз алған Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Самат Смағұлов:

«Семей полигонында болған ядролық сынақтар халқымыз үшін орны толмас қасірет әкелді. Бұл қайғылы күндер ұмытылмайды. Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан алғашқы елдердің бірі ретінде бүкіл әлемге үлгі көрсетті. Бейбіт болашақ жолында күрескен ардагерлерге тағзым ету – бүгінгі ұрпақтың парызы», – деді.

Шара барысында Семей ядролық сынақ аймағында әскери қызмет атқарған, сол зұлмат кезеңдердің куәгерлеріне аудан әкімінің атынан «Алғыс» хаттар табысталып, ядролық сынақтың зардабын тартқан марқұм азаматтардың отбасыларына естелік сыйлықтар ұсынылды.

Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков пен «Невада–Семей» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Мұрат Айбақов сөз сөйлеп, жиналған жұртшылыққа ізгі лебізін білдіріп, жастарды ел мен жер тарихын ұмытпауға шақырды.

Тағылымды шара бейбіт өмірдің қадірін ұғындырып, өткенге тағзым арқылы болашаққа сеніммен қарауға үндеді.
28 тамыз 2025 ж. 125 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 643
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 411

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031