» » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ӘДЕП НОРМАЛАРЫ МЕН АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН САҚТАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ӘДЕП НОРМАЛАРЫ МЕН АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН САҚТАУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мемлекеттік қызмет жүйесінде мәдениетті нығайту және адам құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Осы орайда, бүгін Қармақшы ауданында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен адам құқықтарын сақтау мәселелеріне арналған семинар-кеңес өткізілді.

Кездесуге Қызылорда облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Бағдат Әбдіқадыр мен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Қызылорда облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев қатысты.

Семинарды аудан әкімінің орынбасары Диас Молдабаев ашып, жиынның маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде:
«Адам құқықтары мен іргелі құқықтар — қазіргі замандағы кез келген қоғамның демократиялық және құқықтық негізін айқындайтын маңызды ұғымдар. Бұл құқықтар адамның тұлғалық қадір-қасиетін, еркіндігін және теңдігін қорғауға бағытталған. Әрбір мемлекет, соның ішінде Қазақстан Республикасы да, адам құқықтарын сақтау мен қорғауды өзінің ең басты міндеті», – деп атап өтті.

Жиын барысында Бағдат Нажмедденұлы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау, қызметтік мінез-құлық мәдениетін жетілдіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы шараларға тоқталды.

Берікбол Ұзақұлы өз кезегінде адам құқықтарының негізгі қағидаттары мен азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырудың қоғам тұрақтылығына әсері жайында баяндады.

Кездесу мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен адам құқықтарын қорғау саласындағы білімін арттыруға бағытталған маңызды жиын болды.

30 қазан 2025 ж. 129 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031