» » ОБЛЫСТА БІР КҮНДЕ 22 ҰЛ, 22 ҚЫЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

ОБЛЫСТА БІР КҮНДЕ 22 ҰЛ, 22 ҚЫЗ БАЛА ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ


Республика күніне арналған мереке күндері облыстағы бірқатар мекемелер күшейтілген режимде жұмыс істеді. 25 қазан күні өңірде 44 сәби өмірге келді. Сонымен қатар, 112-Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне 1 791 хабарлама түсіп, барлық өтінімдер уақтылы орындалды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында сала мамандары мәлімдеп, мереке күндері күшейтілген режимде жұмыс істеген мекемелердің атқарған жұмыстары жөнінде баяндады.

- Облыс бойынша мереке күндері барлығы 75 жедел жәрдем бригадасы қызмет атқарды. Үш күн ішінде 5 091 шақырту тіркеліп, оның 2 256-сы балаларға қатысты болды. Шақыртулардың 59 пайызы 1-3 санатта болса, 40 пайызы жоспарлы 4 санатты құрады. Осы күндері 1 271 науқас ауруханаға жеткізіліп, оның 622-сі емдеуге жатқызылды. Жатқызылғандардың 52 пайызы - балалар. Ал жұқпалы аурулар ауруханасына қала бойынша 81 науқас жеткізіліп, олардың 74 пайызы қабылданды. Бұл науқастардың 80 пайызы балалар. Республика күнінде облыс бойынша 22 ұл және 22 қыз бала дүниеге келді. Барлық сәбилердің жағдайы жақсы, аналарының жанында. Сондай-ақ, мереке күндері басқарманың бұйрығына сәйкес емханаларда “Ашық есік күні” өтіп, профилактикалық тексерулер, скрининг және вакцинациялау жұмыстары жүргізілді, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Мая Мирзанова.

- Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментіне 25-27 қазан аралығында 28 жедел шақырту келіп түсті. Оның ішінде 1 өрт және 25 жану дерегі тіркелді. Облыс бойынша тәуліктік жауынгерлік кезекшілікте 170 қызметкер мен 44 техника бірлігі жұмыс істеді. Қазіргі таңда жағдай тұрақты. Тіршілікті қамтамасыз ету нысандары штаттық режимде жұмыс жасауда, - деді облыстық ТЖД бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Түйменов.

- Демалыс күндері 109-Бірыңғай байланыс орталығына облыс бойынша 799 өтінім келіп түсіп, оның 758-і орындалды, ал 41-і жұмыс барысында. Тәулігіне өтінімдердің орташа саны 266-ны құрады. Осы ретте барлық шұғыл қызмет пен коммуналдық сала мамандарына үздіксіз еңбегі үшін алғыс білдіремін, - деді Қызылорда облысы әкімі аппаратының “Жедел әрекет ету орталығы” КММ директорының міндетін атқарушы Мұхтар Садыбаев.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

29 қазан 2025 ж. 58 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

№81 (10449)

25 қазан 2025 ж.

№80 (10448)

21 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 758
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 495

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031