» » МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ОБЛЫСТАҒЫ ЖЕДЕЛ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ ӨТТІ

МЕРЕКЕ КҮНДЕРІ ОБЛЫСТАҒЫ ЖЕДЕЛ ЖАҒДАЙ ТҰРАҚТЫ ӨТТІ

Наурыз мерекесі күндері облыста бірқатар мекемелер күшейтілген режимде жұмыс істеді. Мереке күндері жедел жәрдем қызметінің 103 желісіне 6 934 шақырту түссе, ал «109 – Бірыңғай байланыс орталығына» 1 791 өтінім тіркелген. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында демалыс күндері күшейтілген режимде жұмыс істеген мекемелердің жұмысы қорытындыланды.
– Облыс бойынша барлығы 85 жедел жәрдем тобы жұмыс атқарса, мереке күндері қарбалас сағаттарына қосымша 4 жедел жәрдем тобы қосылды. 21-25 наурыз күндері ауруханаға 1 679 науқас жеткізіліп, оның 754-і ауруханаға жатқызылды. Ал, жұқпалы аурулар ауруханасына қала бойынша 82 науқас тасымалданды. Сондай-ақ көмірқышқыл газымен уланғандар болған жоқ. Жалпы түскен шақырыстарға дер кезінде жету 98,1 пайызды құрады,- деді облыстық жедел-жәрдем стансасы бас дәрігерінің орынбасар Ғалия Нұрсейітова.
– 21-25 наурыз аралығында аймақта жедел жағдай тұрақты өтті. Департаменттің құрылымдық бөлімдері 52 рет дабыл бойынша шығыстарға шығып, 7 техногенді сипаттағы төтенше жағдай тіркелді. Осы шығыстар барысында есігі құлыпталып қалған пәтер ішінен 11 адам құтқарылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Облыс және аудан орталықтарында ұйымдастырылған іс-шараларға кезекшілік ұйымдастырылды, нәтижесінде оқыс оқиғалар тіркелген жоқ,- деді Қызылорда облысы бойынша ТЖД Жоспарлау және жедел басқару орталығының бастығы Досжан Исабек.
– «Жедел әрекет ету» орталығы екі функция бойынша жұмыс істейтінін білесіздер. Мереке күндері «112 – Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметіне» 1 613 хабарлама келіп түсті. Бұл қызмет бойынша 4 ауысымда 9 оператор жұмыс істеді. Тәулігіне өтініштерді қабылдау мен тіркеудің орташа статистикалық саны 322 өтінім болса, өтінімдердің орындалуы 100 пайызды құрады. Ал «109 – Бірыңғай байланыс орталығының» қызметіне түскен өтініштердің 1 746-сы орындалса, 45 өтінім жұмыс барысында. Орталықта 7 оператор 4 ауысым бойынша жұмыс істеді. Өтініштерді қабылдау мен тіркеудің тәуліктік орташа статистикалық саны 358-ді құрады,- деді Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Жедел әрекет ету орталығы» КММ-нің директоры Темірхан Мұқанғали.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
26 наурыз 2025 ж. 203 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 415
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930