Тұмау және ЖРВИ ауруларының алдын алу
Тұмау – барлық жастағы адамдарға, соның ішінде ерлерге, әйелдерге және балаларға әсер ететін ауыр вирустық инфекция. Тұмау эпидемиясы жыл сайын, әдетте, суық мезгілде болады. Әлем бойынша жұқпалы аурулар арасында тұмау мен ЖРВИ бірінші орында тұр, олардың үлесі 95%-ға жетеді. Тұмау мен ЖРВИ адамның денсаулығына кері әсер етіп, орташа өмір сүру ұзақтығын қысқартуы мүмкін. Ауыр түрі жүрек-қантамыр жүйесі, тыныс алу органдары және орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен сипатталады, сондай-ақ жүрек ауруларын, пневмонияны, трахеобронхитті, менингоэнцефалитті қоздыруы мүмкін. Ең көп зардап шегетіндер – созылмалы аурулары бар егде жастағы адамдар.
Тұмау вирусы өте оңай таралады. Негізгі берілу жолы – ауа-тамшы жолы. Сонымен қатар тұрмыстық жолдармен де жұғуы мүмкін, мысалы, тұрмыстық заттар арқылы. Жөтелу, түшкіру, сөйлесу кезінде науқастың немесе вирус тасымалдаушының мұрын-жұтқыншақтан патогенді микрофлорасы бар сілекей, шырыш және қақырық бөлшектері шығарылады. Науқастың айналасында аэрозоль бөлшектерінің концентрациясы жоғары, олардың таралу диапазоны әдетте 2–3 метрді құрайды.
ЖРВИ дегеніміз не? Тұмаудан айырмашылығы неде? ЖРВИ – жедел респираторлық вирустық инфекция немесе жедел респираторлық ауру термині болып табылады. Бұл көптеген ұқсас ауруларды қамтиды. Олардың ортақ белгілері – берілу жолы (ауыз және мұрын-жұтқыншақ арқылы, ингаляциялық жолмен) және клиникалық көрініс: бірнеше күн бойы науқастың дене қызуы жоғарылайды, тамақ қабынады, жөтел, қалтырау, бұлшықет ауыруы және бас ауруы байқалады. Ең жиі кездесетін белгі – мұрыннан ағу, ол риновирустардан туындайды. Қалпына келгенде барлық белгілер жоғалып, ешқандай із қалдырмайды. ЖРВИ қоздырғыштары негізінен науқастың жөтелуі немесе түшкіруі арқылы таралады.
Б.Еркебаев,
Қармақшы аудандық СЭБ басқармасының
бас маманы











