» » ЕҢБЕК ДАҢҚЫ АСҚАҚТАҒАН КҮН

ЕҢБЕК ДАҢҚЫ АСҚАҚТАҒАН КҮН

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Өнер» орталығында «Алтын күз – 2025» салтанатты шарасы өтті. Оған Абай облысының әкімі Берік Уәли, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстанның Еңбек Ерлері, ғалымдар, өнер майталмандары, республиканың барлық өңірінен келген облыстық мәслихат төрағалары арнайы қатысты.
Аймақ басшысы ауылшаруашылығында атқарылған жұмыстарға, агросаланың алдағы бағыт-бағдарына тоқталып, қамбаны толтырып, береке мен бірліктің үлгісін көрсеткен диқандарды құттықтады.
– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялап, «Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болу идеясын насихаттаймыз. Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек» деген болатын.
«Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатын ұрпақ санасына сіңіру, насихаттау, қарапайым еңбек адамдарын дәріптеу – біздің басты мақсатымыздың бірі. Сыр елінің даңқын асқақтатқан дала академигі Ыбырай Жақаев бастаған 102 Социалистік Еңбек Ерінің және тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның Еңбек Ерлерінің жетістіктері аңызға айналды. Саналы ғұмырында туған жеріміз үшін аянбай еңбек еткен ардақты ардагер ағаларымыз бүгін ортамызда. Облысымыздың дамуына қосқан орасан зор үлестеріңіз үшін Сіздерге барша Сыр жұртшылығының атынан шынайы алғысымды білдіремін. Ел үшін жасаған ерен еңбектеріңіздің жемісін, бейнеттеріңіздің зейнетін көріңіздер, – деді облыс әкімі.
Мерекелік шарада еңбек адамдары мен сала үздіктеріне «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін», Ауылшаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медальдері, «Ауылшаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі, Қызылорда облысының Құрмет грамотасы мен облыс әкімінің Алғыс хаттары берілді.
Жиында «Балық шаруашылығы саласы бойынша озат аудан» номинациясымен Арал ауданы, «Су үнемдеу технологиясын қолдану бойынша озат аудан» номинациясымен Жаңақорған ауданы, «Ауылшаруашылығы саласына инвестиция тарту бойынша озат аудан» номинациясымен Жалағаш ауданы, «Мал шаруашылығы саласы бойынша озат аудан» номинациясымен Қармақшы ауданы, «Ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы бойынша озат аудан» номинациясымен Қазалы ауданы, «Егін шаруашылығы саласы бойынша озат аудан» номинациясымен Сырдария ауданы марапатталды.
Ал «Агроөнеркәсіп кешенін дамытуда биылғы жылы ең жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізген үздік аудан» номинациясын Шиелі ауданы жеңіп алды.
Жылдағы дәстүр бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген «Абзал және К» ТС, «Мағжан және К», «Абай-Дәулет» ЖШС еңбек озаттарына автокөлік кілттері сыйға берілді.
«ҚТ» ақпарат
18 қазан 2025 ж. 56 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10447)

18 қазан 2025 ж.

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 670
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 427

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031