» » Заң және тәртіп – жарқын болашақ кепілі

Заң және тәртіп – жарқын болашақ кепілі

Иіркөл, Төребай би және Қармақшы ауылдық округтерінде ауыл әкімдері, жастар ресурстық орталығының директоры және мектеп директорларының қатысуымен оқушыларға құқықтық тәрбиеге арналған кездесу өткізілді.

Шара барысында жастарға құқық бұзушылықтың алдын алу, заңға бағыну мәдениеті мен қоғам алдындағы жауапкершілік туралы түсіндірілді.

Сонымен қатар оқушыларға:
– есірткінің денсаулық пен өмірге зияны,
– зорлық-зомбылықтың құқықтық және моральдық тұрғыдан қауіптілігі,
– құмар ойынға тәуелділіктің (лудомания) алдын алу,
– сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізер кері әсерлері туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Осындай кездесулер өскелең ұрпақтың бойында адалдық, әділдік, тәртіпке бағыну және салауатты өмір салтын ұстану сияқты құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.

17 қазан 2025 ж. 249 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 073

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930