» » Заң және тәртіп – жарқын болашақ кепілі

Заң және тәртіп – жарқын болашақ кепілі

Ақжар, Ақтөбе және Интернационал ауылдық округтерінде ауыл әкімдері, жастар ресурстық орталығының директоры және мектеп директорларының қатысуымен оқушыларға құқықтық тәрбиеге арналған кездесу өткізілді.

Шара барысында жастарға құқық бұзушылықтың алдын алу, заңға бағыну мәдениеті мен қоғам алдындағы жауапкершілік туралы түсіндірілді.

Сонымен қатар оқушыларға:
– есірткінің денсаулық пен өмірге зияны,
– зорлық-зомбылықтың құқықтық және моральдық тұрғыдан қауіптілігі,
– құмар ойынға тәуелділіктің (лудомания) алдын алу,
– сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізер кері әсерлері туралы жан-жақты ақпарат берілді.

Осындай кездесулер өскелең ұрпақтың бойында адалдық, әділдік, тәртіпке бағыну және салауатты өмір салтын ұстану сияқты құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.
15 қазан 2025 ж. 216 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 074
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 286

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031