» » БІЛІКТІЛІК ПЕН ШЕБЕРЛІК – САПАЛЫ БІЛІМНІҢ КІЛТІ

БІЛІКТІЛІК ПЕН ШЕБЕРЛІК – САПАЛЫ БІЛІМНІҢ КІЛТІ

Биыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» болып жарияланғаны еңбек адамына құрмет көрсету мен кәсіби білімнің мәртебесін арттыруға бағытталған маңызды жобалар қолға алынып келеді. Соның ішінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында ұстаздардың кәсіби деңгейін көтеру, әдістемелік қолдау көрсету – басты міндеттердің бірі болып отыр.
Кәсіптік білім беру саласының дамуы ең алдымен ұстаздардың кәсіби шеберлігіне байланысты. Ал ұстаздардың біліктілігін арттырып, әдістемелік қолдау көрсетіп жүрген жандардың еңбегі айрықша. Осындай абыройлы қызметті атқарып келе жатқан жанның бірі – Рауа Тұрмаханова. Ол академик С.Жиенқұлов атындағы Байқоңыр жоғары колледжі директорының оқуәдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары, жоғары санаттағы оқытушы. Ол ұзақ жыл бойы ұстаздарға оқу-әдістемелік тұрғыдан бағыт-бағдар беріп, білім сапасын көтеруге үлес қосуда. Әріптестерінің шығармашылық ізденісін қолдап, жаңа әдіс-тәсілдерді тәжірибеге енгізуге кеңес беріп отырады. Рауа Әбдіхакімқызының басты ұстанымы – сапалы білім беру жолында әрбір ұстазға әдістемелік көмек көрсетіп, жас мамандарға кәсіби қолдау білдіру. Оның ұйымдастыруымен өткізілген семинар мен әдістемелік кездесулер ұстаздардың тәжірибе алмасуына, жаңа идеяларды жүзеге асыруына жол ашты.
Бүгінгі заманда еңбек нарығы сұранысына сай маман даярлау – колледж ұжымының ортақ міндеті. Бұл ретте оқуәдістемелік жұмыстарды үйлестіріп, оқытушылардың үздік тәжірибесін насихаттап, жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу ісінде орынбасардың рөлі зор. Ұлағатты жан оқу үдерісін жетілдіруге, заманауи педагогикалық технологияларды енгізуге бағытталған бірқатар іс-шараны табысты жүзеге асырып жүр.
Ол 1993-1997 жылдар аралығында Қорқыт ата атындағы Қызылорда гуманитарлық университетінде «Еңбек және бизнес» мамандығын оқып, экономика және бизнес негіздері пәндерінің оқытушысы біліктілігін алып шығады. 1999-2001 жылдар аралығында алғаш еңбек жолын Қызылорда қаласындағы П.Осипенко атындағы №8 орта мектебінде ағылшын тілі пәні мұғалімі, 2001-2004 жылдар аралығында Жалағаш ауданында №202 орта мектебінде еңбек пәнінің мұғалімі қызметін атқарды. Мұнан соң жұмысқа Байқоңыр қаласындағы «Космос» колледжінде экономика пәні оқытушысы болып қабылданды. Ал 2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін колледжде директордың оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқаруда.
Осы орайда Рауа Әбдіхакімқызының жетістіктеріне тоқтала кетсек, 2022-2023 жылдары облыстық білім басқармасының еліміздің жас жеткіншектерін оқытып, тәрбиелеу жолында сіңірген еңбегі және білім саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. Сондай-ақ аудан әкімінен алғыс хатпен, осы жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің Алғыс хатымен марапатталса, өткен жылы 8 наурыз мерекесіне орай Оқу-ағарту министрінің Құттықтауын алды.
Әріптестері оны талапшыл да әділ басшы, жастарға бағыт-бағдар беретін, ұстаздықтың абыройын биік ұстаған тұлға ретінде құрметтейді. Оның басшылығымен колледжде біліктілікті арттыру курстары, тәжірибе алмасу семинары, әдістемелік апталық тұрақты өткізіліп, оқытушылардың кәсіби әлеуеті арта түсуде.
Жұмысшы мамандықтар жылы – еңбек адамының қадірін ұлықтау жылы. Ал сол еңбектің негізін қалайтын ұстаздардың кәсіби шеберлігін шыңдап жүрген әдістемелік жетекшілердің еңбегі – ерекше құрметке лайық.
Қымбат БЕРДЕШ
15 қазан 2025 ж. 70 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10446)

14 қазан 2025 ж.

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 647
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 411

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031