» » БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫ БЕРІК СЪЕЗДҰЛЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРГЕ ІССАПАРЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫ БЕРІК СЪЕЗДҰЛЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРГЕ ІССАПАРЫ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Білім бөлімі басшысының кезекті іссапары Жосалы кенті орталығындағы бірқатар білім беру ұйымдарын аралаумен жалғасын тапты. Алдымен Шоқан Уалиханов атындағы №26 орта мектепте болып, білім ордасының пән кабинеттерін, спорт зал, асхана, мектеп жанындағы интернат жұмыстарымен танысып, балалар қауіпсіздігімен қатар олардың бос уақытын тиімді өткізудегі қосымша сабақтар жұмысының жүйелі жүргізілуін бақылады.

Берік Съездұлы мұнан соң 2022 жылы күрделі жөндеуден өткен №121орта мектеп базасында болып, білім беру ұйымының қазіргі техникалық жағдайы, санитарлық-гигиеналық талаптарының сақталуы,пән кабинеттерінің жабдықталуы, мектеп асханасының жұмысы, ыстық тамақтың ұйымдастырылуы мен мектептің жылыту қазандықтарының жұмыс барысымен танысты.
Сондай-ақ бөлім басшысы С.Есқараев атындағы №27орта мектепте және №284 мамандандырылған мектеп-лицейі интернатында болды. Мектептердің ғимарат бөліктерін аралап, жаңартылған STEM, мультимедиа, пән оқу кабинеттерінің жабдықталуын бақылап,осыған сай жүргізіліп жатқан оқу-тәрбие беру процестерін бағамдады.

Білім бөлімі басшысы білім беру ұйымдарын аралау барысында мектеп басшыларына мектептегі оқу-тәрбие жұмысы мектеп пен ата-ана арасындағы өзара байланыс, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ, білім сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейту керектігін тапсырды.Сонымен қатар алдағы атқарылар жұмыстар барысын жоспарлап, мектеп басшыларының ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

14 қазан 2025 ж. 219 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 206
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 78

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031