» » ЖАҢА СТАДИОН ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

ЖАҢА СТАДИОН ҚҰРЫЛЫСЫНА ҮЛЕС ҚОСҚАН АЗАМАТТАР МАРАПАТТАЛДЫ

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев сол жағалауда бой көтерген 11 мың орындық заманауи стадионың құрылысына атсалысқан, нысанның сапалы салынуына үлес қосқан азаматтарға алғыс білдірді.
«Президентіміздің қолдауымен салынған Қызылорда қаласындағы 11 мың орындық заманауи стадионымыз 4 қазан күні Қазақстан кубогының финалдық ойынымен салтанатты түрде ашылды. Тәуелсіздік жылдарында пайдалануға берілген еліміздегі үшінші стадион УЕФА-ның ІV санатты сертификатын алғанын ерекше мақтанышпен атап өтуіміз қажет. Айтулы шараға Туризм және спорт министрі, Парламент депутаттары, Қазақстан футбол федерациясының басшылық құрамы, қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, қадірлі қонақтарымыз арнайы келіп қатысты. Жұртшылық жаңа нысанға жоғары баға беруде.
Негізі стадион құрылысы 3 жылға жоспарланған болатын. Мердігер мекеме өз жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастырып, небәрі бір жарым жылдың ішінде, яғни белгіленген мерзімнен ерте әрі жоғары сапалы етіп салып бітірді.
Құрылысты мерзімінен бұрын аяқтаған мердігер компания басшысы Қозбақов Исламғали Айтуарұлына, компания ұжымына барша Сыр жұртшылығының атынан алғысымызды білдіреміз», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Жиында Исламғали Қозыбақов «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен және облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Облыстық құрылыc, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Туралиевке, дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Артаевқа, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Садық Мұстафаевқа облыс әкімінің құрмет грамотасы мен алғыс хаты табысталды.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

08 қазан 2025 ж. 115 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10456)

18 қараша 2025 ж.

№87 (10455)

15 қараша 2025 ж.

№86 (10454)

11 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 901
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 602

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930