» » СПОРТ РУХЫНЫҢ ЖАҢА МЕКЕНІ АШЫЛДЫ

СПОРТ РУХЫНЫҢ ЖАҢА МЕКЕНІ АШЫЛДЫ

Бүгінде облысымызда көпқабатты ғимараттардың құрылысы қарқын алып, қаламыз көркеюде. Әсіресе сол жағалау күн өткен сайын дамып, жаңа нысандар көптеп бой көтеруде. Соның бірі – жақында ел күткен жаңа стадионның ашылуы болып, үлкен көлемде атап өтілді. Салтанатты шара аясында футболдан ел Кубогының финалдық матчы ұйымдастырылды. Алып нысан 11 мың көрерменді құшағына сыйғызды.
Іс-шараға Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров арнайы келді. Сондай-ақ қоғам қайраткерлері мен мыңдаған футбол жанкүйері жиналды.
Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жиналған жұртшылықты жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, командаларға сәттілік тіледі.
– Бүгін – Қазақстанның спорт тарихындағы айтулы күн. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының аймақтарда спорт инфрақұрылымын дамыту, оның ішінде стадиондар мен спорт кешендерін салу туралы тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласында жаңа стадион бой көтерді. Жаңа стадионымыздың ашылуы футболдан Қазақстан кубогының финалдық ойынымен тұспа-тұс келді. Жанкүйерлер асыға күтетін спорт мерекесі отандық футбол тарихында алғаш рет Қызылорда қаласында өтуде. Бұл – сырбойылықтар үшін үлкен мәртебе, зор мақтаныш. Баршаңызды жаңа стадионның ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! Қаламызда жаңа нысанның салынуына ерекше қолдау білдірген Мемлекет басшымызға, Үкіметке барша Сыр жұртшылығы атынан шынайы алғысымызды білдіреміз. Финалдық ойынды өткізуге бастамашы болып, ұйымдастырған Қазақстан футбол федерациясына зор ризашылығымызды жеткіземіз, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Одан кейін Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров жаңа стадионның ашылуы ел футболы үшін маңызды екенін атап өтті.
– Сыр елінде бой көтерген жаңа спорттық нысан – еліміздің футбол картасынан лайықты орын алатын заманауи арена болмақ. Қазақстан Кубогының финалы алғаш рет осы аймақта өтіп жатыр. Үлкен стадионда талай қызықты кездесулер мен ұмытылмас ойындар өтеді деп сенемін. Екі команда арасындағы тартысты финал табысты жолдың бастауы болсын, – деді ол.
Жалпы ауданы 20 мың шаршы метрді құрайтын жаңа спорттық кешен заманауи халықаралық талаптарға сай салынған. Мұнда футбол алаңы ғана емес, олимпиадалық стандарттарға сәйкес келетін бокс, күрес, фитнес, спорттық гимнастика және ауыр атлетика залдары орналасқан. Сонымен қатар, нысанда дүкендер мен дәмханалар қарастырылған.
Ғимараттың бірінші қабатында спорт залдары, футболшылардың дайындық бөлмелері және сауықтыру орталықтары орналасқан. Екінші қабатта – әкімшілік бөлмелер, ал үшінші қабатта – ауқымды жиындарға арналған мәжіліс залы бар. Мүмкіндігі шектеулі спортшылардың жаттығуына да толық жағдай жасалған.
Стадион УЕФА-ның 4-санатына сәйкестендірілген. Жасыл алаң халықаралық стандарттарға сай жасанды төсенішпен жабдықталған, заманауи жарықтандыру және дыбыс жүйелері орнатылған. Бұл өз кезегінде халықаралық деңгейдегі спорттық және мәдени шараларды жоғары сапада өткізуге мүмкіндік береді.
Дайындаған Ерсін СӘДУҰЛЫ
07 қазан 2025 ж. 69 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 375

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031