» » Қызылордадағы жаңа стадион жақын арада пайдалануға беріледі

Қызылордадағы жаңа стадион жақын арада пайдалануға беріледі

Мемлекет басшысы биыл Бурабайда өткен Ұлттық құрылтай отырысында халықтың спорттық инфрақұрылымдарға қолжетімділігін арттыру мақсатында облыс орталықтары мен аудандарда заманауи стадиондар мен спорт кешендерін салу мәселесіне ерекше тоқталған болатын.
Бұл ретте Ел Президенті және Үкіметтің ерекше қолдауымен аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен былтыр Қызылорда қаласының сол жағалауында құны 20,9 млрд теңгені құрайтын 11 мың орындық жаңа стадионның құрылысы басталған болатын. Бас мердігер – «ВД Строй Инжиниринг» ЖШС. Стадионның жалпы ауданы – 19 942,9 шаршы метр.
Бұл стадион халықаралық стандарттарына сай салынып жатқандықтан әлемдік додаларды жоғары деңгейде өткізуге мол мүмкіндік береді.
Бірегей нысанда жасыл алаңнан бөлек, олимпиадалық спорт түрлеріне арналған бокс залы, күрестің үш түріне арналған атап айтқанда дзюдо, грек-рим, еркін күрес залы, фитнес залы, спорттық гимнастика, таеквондо және ауыр атлетика залдары қамтылатын болады. Аталған спорттық залдар жыл он екі ай көлемінде спорт сүйер қауым үшін сапалы қызмет ететін болады.
Қызылордадағы жаңа стадион жақын арада пайдалануға беріледі

Жаңа стадионның тағы бір ерекшелігі – УЕФА Классификациясы бойынша ІІІ санатты. Сонымен қатар, халықаралық деңгейдегі «Фелипс» компаниясының өнімдері арқылы жарықтандырылатын болады. Бұл өз кезегінде, түрлі деңгейдегі мәдени-спорттық іс-шараларды және футбол матчтарын жоғары деңгейде өткізуге мол мүмкіндік бермек. Бұдан бөлек, жанкүйерлерге арналған «Қайсар» футбол клубының жабдықтарын сататын арнайы дүкен және дәмхана қарастырылмақ.
Стадиондағы жасыл алаң облыстың климаттық ерекшелігі ескеріле отырып, озық технологиялардың көмегімен төселетін болады. Тиісінше, жасыл алаңға керекті шикізат көлемі дамыған озық мемлекеттерден әкелінді. Сондай-ақ, ойыншыларға қолайсыздық тудырмау мақсатында футбол алаңының астыңғы қабатына жылыту желілері жүргізілді, бұдан кейін жасанды көгалдың астына 2 см болатын «shockpad» амортизациялық төсем қапталады. Бұл технология «Astana Arena» және Қызылордадағы жаңа стадионда ғана енгізілген. Осылайша заманауи үлгіде жабдықталған 11 мың орындық жаңа стадион халықаралық жарыстарды өткізуге толық мүмкіндік береді.
Аталған нысанды осы жылдың қыркүйек айында пайдалануға беру жоспарлануда.
28 шілде 2025 ж. 86 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 592
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 375

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031