» » СЫР ЕЛІНДЕ ЖАҢА СТАДИОН АШЫЛАДЫ

СЫР ЕЛІНДЕ ЖАҢА СТАДИОН АШЫЛАДЫ


Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр жаңа стадионның құрылыс алаңына барды. Өңір халқының сұранысына сай салынып жатқан жаңа стадион бокс, күрес, ауыр атлетика, футболшылардың жаттығу залдарымен, йога, гимнастика-акробатика, сауықтыру-денешынықтыру залдарымен қамтылатын болады. Стадионның тағы бір ерекшелігі – УЕФА классификациясы бойынша ІІІ санатты. 11 мың орынға арналған, халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.

Бүгінде шығыс және батыс трибуналарының металл конструкцияларын монтаждау 100% аяқталып, қабырғалар мен ішкі бөлімдері, сыртқы витраждары қалануда. Сыртқы инженерлік желілер жеткізілген. Жылу, су құбырлары, электр, желдеткіштің ішкі желілері орнатылуда. Наурыз айында ғимараттың сыртқы қабырғалары, ішкі инженерлік желілері аяқталып, футбол алаңын монтаждау және абаттандыру жұмыстары басталады. Нысан мамыр айында пайдалануға беріледі деп күтілуде.
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев өткен жылы қазан айында Қызылорда қаласында «Үстел теннисі орталығы» іске қосылғанын, жақын күндері көпбейінді «Қызылорда Арена» және дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысы басталатынын айтты.

Мұнан бөлек, Қармақшы ауданына қарасты ІІІ Интернационал, Жаңажол, Ақай, Арал ауданының Жақсықылыш, Сырдария ауданына қарасты Бесарық ауылдарында, Жалағаш кентінде жаңа спорт кешендерінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілуде. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен 6, облыстық бюджет есебінен 2, «Қазақстан халқына» қоры арқылы 2 спорт нысаны салынуда.

@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

15 ақпан 2025 ж. 79 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10396)

19 сәуір 2025 ж.

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 614
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930