» » АДАЛ ЕҢБЕК ИЕСІ

АДАЛ ЕҢБЕК ИЕСІ

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауының өзі еңбек адамына деген терең құрметтің айғағы. Бұл – ел дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген қарапайым жандарға көрсетілген үлкен ілтипат. Олардың арасында әр күнін тынымсыз еңбекпен өткізетін, көзге көп көріне бермейтін, бірақ еңбегі ерен жандар бар. Солардың бірі – еден жуушылар.
Көпшілік бұл мамандыққа жүрдім-бардым қарайтыны жасырын емес. Дегенмен оларсыз күнделікті өміріміздің тыныштығы мен тазалығы мүмкін бе?! Таңмен таласа тұрып, мектеп, аурухана, кеңсе, мәдени ошақтар мен қоғамдық орындарды тап-тұйнақтай етіп, адамдарға жайлы орта сыйлайтын – дәл осы жандар. Олардың бейнетті еңбегі көзге көрінбесе де, жүрекпен сезілетін асыл еңбек.
Әр мамандық – ел игілігіне қосылған үлес. Еден жуушы – тазалық пен тәртіптің сақшысы. Олар күн сайын жүздеген адамның өміріне жайлылық сыйлайды. Жұмысының да өз ауырлығы бар. Бірақ олар ешқашан шағым айтпайды, ренжімейді. Себебі өз ісіне адал.
Осындай адал еңбек иелерінің бірі – Бахыткүл Аманбаева. Ол 2018 жылдан бері аудандық Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде техникалық қызметкер болып еңбек етіп келеді. Бұған дейін де 10 жылға жуық уақыт бойы әртүрлі кеңселерде тазалық сақшысы болып жұмыс істеген.
Бахыткүл апайдың негізгі мамандығы – мектепке дейінгі білім беру. Бірақ өмірдің ағымы мен отбасының қамын ойлап, қарапайым еңбек жолын таңдайды. Жолдасы Асылбек аудандағы «Ханшайым» балабақшасында күзетші болып қызмет етеді. Екеуі 5 баланы тәрбиелеп өсіріп, бүгінде немере қызығына кенеліп отырған бақытты ата-ана.
Бахыткүл Аманбаева – еңбекқорлық пен жанжақтылықтың жарқын үлгісі. Тігіншілік өнерін де меңгерген. Аз уақыт ішінде көйлек тігіп, тіпті газетке шыққан кезі де болған. Бұдан бөлек, қолөнермен айналысып, салат басып, банка жабу сияқты тапсырыстарды да қабылдайды. Нағыз бесаспап, шебер жан.
Иә, еден жуушы болу екінің бірінің қолынан келе бермейтін іс. Бұл төзім мен шыдамдылықты, кішіпейілділік пен сабырлылықты талап ететін мамандық. Ең бастысы – адалдық.
«Жұмысшы мамандықтар жылы» – дәл осындай қарапайым еңбек иелерінің бейнетін бағалау, еңбегін елеу үшін қолға алынған игі бастама. Бұл еліміздегі әрбір еңбек адамына «Сенің еңбегің маңызды, сен қоғамның тірегісің!» дейтін зор құрметтің белгісі.
Қарапайым қызмет атқарып жүрсе де, қоғамға орасан үлес қосып жүрген жандардың еңбегі нағыз құрметке лайық. Еден жуушылар қоғам тазалығын қамтамасыз етіп жүрген еңбек майдангерлері. Олар ешқандай атақдаңқсыз-ақ, үнсіз еңбек етіп, айналасына тазалық, тәртіп, жайлылық сыйлайтын шын жүрек иелері.
Таза еңбек, таза ниетпен атқарылған іс ешқашан ескерусіз қалмайды. «Жұмысшы мамандықтар жылы» бізге осыны еске салып, әр мамандықтың маңыздылығын ұғындыратын жыл. Адал еңбектің иелері елдің еңсесін тіктейтін ерлер мен ерлерге бергісіз әйелдер екенін ұмытпайық!
Ақнұр САҒЫНТАЙ
07 қазан 2025 ж. 64 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 568
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 365

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031