» » Жаныңда жүр жақсы адам

Жаныңда жүр жақсы адам

Адамды Алла Тағала әлемде ең ақылды, миы бәрінен жүйелі тірі ағза етіп жаратты. Адамдарға көп қасиет тән. Әр адам бүкіл қасиетке ие бола алмайды. Бірақ соның ішіндегі ең керек қасиет – адамгершілік. Ол – адам болу деген сөз. Сондықтан адамда ең бірінші адамгершілік болуы тиіс. Ол өте қарапайым нәрселерден тұрады. Яғни амандасу, түсіну, қамқор болу, ұятты болу, барлығын орта деңгейде ұстау қабілетіне ие болу қасиеттері. Адам болу деген осы қасиеттерге ие болу. Әр адам өзіне жауап беріп, өзінің айналасын бақылауы керек. Адам болу деген ақшаға бай болу емес, адам болу деген ақылды болу. Адам атымен жүргендердің жан-жағы да жақсыларға толы болады. Кейде біз олардың жақсылығын байқай бермейтін де кездер болады.
Олай айтып отырған себебім, біз мектептегі еден жуушы апайлардың еңбегі мен бізге жасаған жақсылықтарына осындай атаулы күндерде атап айтқанда ғана мән беріп жатамыз. Біздің мектебімізде «Адал еңбек – адал азамат» тақырыбында апталық өтті. Сол апталық аясында «Жаныңда жүр жақсы адам» тақырыбындағы эссе байқауы ұйымдастырылды. Менің бүгінгі жазғалы отырған кейіпкерім – Жанымкүл апа. Ол қыс, күз мезгілінде, ауа райының жаңбырлы, қарлы күндерінде біздің жүріп өткен жерімізді тазалап, сынып бөлмелерінің тазалығына мән беріп, білім алу жолымызда еш кедергі болмауына жағдай жасап жүреді.
1968 жылы Қазалы ауданының Аққой кеңшарында дүниеге келіп, осы аталған ауылға қарасты Сарыбұлақ ауылынан 8 жылдық мектептен білім алған. Мал дәрігерлік колледжді бітірген. Еңбек жолын ауыл кітапханасынан бастайды. 1986 жылы отбасын құрып, қазіргі таңда 5 бала тәрбиелеп отырған көпбалалы ана. 1994 жылдан бастап осы Төретам кентінде 27 жыл ата-ене бағып, ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, үлкендердің батасымен көгеріп, көктеп отырған отбасы ұйытқысы. Қазіргі таңда ұлдан 2 немере, қыздан 2 жиен сүйіп отырған жайы бар. Кейіпкерімнің біздің мектебіміздегі алғашқы қызметі 1996 жылы мектеп асханасынан басталып, әрі қарай еден жуушы қызметімен жалғасып, мектебімізге 30 жылға жуық еңбек сіңірген.
Қорытындылай келе, мектеп өміріндегі елеулі еңбегімен қатар көпбалалы ана Жанымкүл апаның балаларын өсіріп жеткізуі, еркелігімізді көтере жүріп тазалығымызға жауапкершілікпен қарауы – жанымда жүрген жақсы адамның ерлік ісі дер едім. Жанымкүл апа, сізге тек денсаулық, еңбегіңізге табыс, шаршамайшалдықпай осындай әдемі қалпыңызбен 100 жас жасауыңызды тілеймін.
Айжан РАҚАШЕВА,
№85 орта мектептің оқушысы, Төретам кенті
15 қазан 2024 ж. 126 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Ақсұлу
29 желтоқсан 2024 ж. 157
СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ

20 қараша 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031